2012 жылғы ең сәнді шаш үлгілері

2012 жылғы ең сәнді шаш үлгілері
жеке
блог

 

Өткен постымда қыздардың басты аксессуарлары - шаш дедік. Ал бұл пост «биылғы жылы сол аксессуарлардың қандай үлгілері сәнде?» деген сұраққа жауап іздейміз.  

Бұл жыл шаш сәніне біраз өзгерістер алып келді. Қысқа және тіке кекілдер бұл жылы сәннен қалды. Бірақ, орнына кекілдердің ұзыны сәнге кірмек. Ал зиг - заг сынды  айырымдар (пробор) нағыз актуальді болмақ. Егер офиста жұмыс істейтін болсаңыз,  жайылған қарапайым шаш сізге арналған. Сонымен қатар, Вера Брежневаның стиліндегі аздап ұқыпсызданып бұйраланған шаш та актуальді.

 

Өрілген шаштар ең сәнді екен. Қалай өрсеңіз де өз еркіңізде, тек өріп қойсаңыз болғаны. Шашыңыз қалың болса, қалыңдығын көрсетіп екі өрім етіңіз. Ал егер де жұқа болса, бір өріммен оның жұқалығын жасыра аласыз.

 

 

Сонымен қатар, 70 жылдардағы сән үлгісі қайта оралмақ. Демек, шаштың төбесіне көлемді начёс жасау.

 

Стилисттардың сөзіне сенсек, бұл жылы шашты тіпті қарапайым   аксессуарлар мен де сәндеп қойса болады. 2012 жыл басты назарын қарапайымдылық пен ретро стильге аударып отыр. Сол себепті, күнделікті күндері шашқа арналған аксессуарларды қолданып, ұзын шашыңызды жайып - ақ жүре берсеңіз де ең стильді болсыз!

Ал, енді ең басты сұрақ: «Жақсы аксессуарларды қайдан аламын?» деген. Ол үшін сіздерге «BROSH» аксессуарлар галереясына барып көріңіздер деген кеңес беремін! Ол жерде түрлі бұйымдарды табасыздар. Алматы қаласында екі дүкен бар екен: 1. Гоголь көшесі, 87 үй, Панфилов көшісінің қиылысында; 2. Жібек жолы көшесі, 59 үй, №7 бутикте орналасқан. (Өзім де барып көрдім, көңілімнен шықты, сол себепті кеңес беремін!)

(Бағалары 500 теңгеден басталады). 

 P.S. Алдыларыңызға "әдемі — ау" деген, өрілген шаш үлгілерін мысалға келтірдім, бәлкім пайдаланып қаларсыздар :-)