Десе десін

Десе десін
жеке
блог

Сәлем, Массагет оқырмандары! Осы жолғы блогым  – өсекке жаны құмар жандар туралы.

Неге біз біреудің жеткен жетістіктеріне қуанбаймыз?! Керісінше, жерден алып, жерге саламыз. “Ой, оның ақшасы көп, сосын осындай дәрежеге жетті” немесе  “ танысы бар ғой” т.б. сол сияқты әңгімелер, өсектер айтылады. Мүмкін, ол жан расымен де, бар күшімен сол жетістікке жеткен шығар?! Сіз қайдан білесіз?! Оның жанында күнде жүрген жоқсыз...

Қазір көп өнер жұлдыздарының инстаграм желісіндегі парақшасын ашып қалсаңыз, онда толған өсек. Тіпті оқуға ұяласың! Ұят қайда?

"Сөз -  сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді" немесе "Сөзге аспандағы бұлт та асады" деген мақал бар. Солай демекші, адам баласына қатты тиетін сөздер айтылып жатады. Бір – бірімізді көрмей – білмей жатып, ол адам жайында теріс пікір қалыптастыру және жалған өсек айту үлкен күнә. Сонықтан, әрбір сөздерімізге абай болайық. Кезінде данышпан Абай атамыз айтып кеткен:

"Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз."

яғни, ақын бұл өлеңде өсектен қашық болуды меңзейді.

 Өсек – бес дұшпанның бірі.

Ақын: «Қазақтың қайсысының бар санасы? Қылт етерде дап-дайын бір жаласы. Пысықтықтың белгісі - арыз беру, Жоқ тұрса да бес бересі, алты аласы...» - деп өсекші, жалақорларды сынға алып, өз кезіндегі өмір шындығының күңгірт келеңсіз жақтарын әшкерелейді.

Жоғарыда айтып кеткендей, өнер жұлдыздары осы тақырыпта ән шырқап жүр. Жақында, Әлішердің жаңа әнін тыңдадым. Жалпы, өзім оның өнеріне тәнтімін. Ән "Ла, ла, ла" – деп аталады. Өсекқұмар жандарға бір жауап болсын деген ниетпен ән жарыққан шыққан көрінеді.

Алишер Каримов

Ла, ла, ла

Сөзі: Құрманай Бақтиярқызы

Әні: Әлішер Кәрімов

Неге біріеудің өмірі,

Саған қызық боп көрінеді?

Жоқ па, адамға сенімі,

Жатып, қолы бос ерігеді.

 

Анау – мынау ұнамайды,

Шындықты өзімнен сұрамайды.

Кейбіреу өсексіз тұра алмайды,

Әңгімені бұрмалайды.

 

Қайырмасы:

Ла, ла, ла, ла,

Дегендер, десе десін.

Ла ла ла ла,

Сөз қосып еселесін.

Ла ла ла ла,

Бәрібір маған енді,

Ла, ла, ла, ла,

Сабырым бәрін жеңді.

 

Тілің күнәмді көтерген,

Ойлап қарасам, амал жоқ екен.

Басты көтеріп өтем мен,

Жүрсем мән бермей, көңіл тоқ екен.

 

Анау – мынау ұнамаса,

Айта алмай әңгіме тұра алмаса

Өтірік сөзімен шыға алмаса.

Бәрін де теріске бұрмаласа.

Қайырмасы.