Адамның мінез-құлқын айқындайтын – қолтаңба

Адамның мінез-құлқын айқындайтын – қолтаңба
жеке
блог

 

     Кез келген құжатты толтырғанда, маңызды келіссөздерді жүргізу барысында адамның қолтаңбасы маңызды рөл атқарады. Тіпті, адамның қолтаңбасынсыз ресми құжаттардың өзі заңсыз болып есептеледі.Әдетте қол қою барысында, адамдар құжаттардың маңыздылығына мән бере отырып қойсада, өздері жайлы ақпарат беріп отырғанын білмейді. 

Жалпы қолтаңбаның екі түрі бар. Олар:

1) ресми қолтаңба – төлқұжаттарға қойылатын қолтаңба

2) бейресми, яғни ол құттықтау қағаздарына қойылатын қолтаңба

Ресми қолтаңбаға дәлірек тоқталсақ, бұл қолтаңбаның түрі әдетте аты, тегі немесе  инициалдардан тұрады. Егер сіз қолтаңбаны атыңыздан бастап қойсаңыз -  ол өткен шақтың тек қана жағымды жақтарын еске түсіргенді жақсы көресіз және сіз отбасыңызды барлығынан жоғары қоясыз. Ал егер сіздің қолтаңбаңыз тек қана тегіңізден тұрса, жаңұя мен қоғамды бір деңгейде ұстайтын тұлғасыз.  Инициалдарды қолдана отырып қолтаңба қойсаңыз,ол жеке өміріңізді сырт көзден құпия ұстауды жөн көретіңізді білдіреді.

Қолтаңбаның анықтылығына, жазу барысына және өлшеміне қарап, адамдардың мінез-құлқын анықтауға болады. Олар:

1) Анық қойылған қолтаңбаның иесі - жан-жақты, өз ойын нақты айтатын  адам. Ал жанжалдарды ұнатпайтын, өзінің күшіне сенбейтін адамның қолтаңбасы айқын болмайды.

2) Жоғарлатып қойылған қолтаңба – сіздің өмірдегі әртүрлі қиыншылықтарға төтеп бере алатыңызды және қиын мәселелерге шешім  таба алатын адамдар қатарынан екеңізді көрсетеді. Әдетте, бұл топтағы адамдар ұстамды, алдына қойған мақсатына жететін оптимист адамдар. Төмендеп қойылған қолтаңбаны ашуланшақ және өзіне сенімсіз адамдар қояды. Қолтаңбаңызды көлденең қойсаңыз – тепе-теңдікті сақтап, өзініздің өміріне қанағат тұтатын адамдар қатарына жатасыз. Кейде адамдар өз қолтаңбаларын біресе жоғарлатып, біресе төмендетіп қояды. Ол адамның басынан ауыр жағдайды кешіп жүргені немесе ауырып жүргенін білдіреді.

3) Қолтаңбаның өлшеміне келетін болсақ, қолтаңбаңыз үлкен болса, бұл сіздің өзіңізден басқалардан жоғары санайтыңызды білдіреді. Кейбір адамдар қолтаңбаларын тек қана бас әріптермен ғана қояды, бұл топтағы адамдар тәкаппар болып келеді. Ал егерде сіздің қолтаңбаңыз кішкентай жазумен койылса, бұл сіздің өзіңізге деген сенімініз төмен және ұялшақты білдіреді.

Қолтаңба – адамның мінез-құлқы жайлы көп ақпарат бере алады. Адамның даму ерекшеліктеріне байланысты қолтаңбаның өзгеруі – қалыпты жайт.