Іздеме мені

Іздеме мені
жеке
блог

Өтінемін сенен, iздеме менi iздеме, 

Жаныңа сенің қай жақтан келді күз деме!

Көз жұмып үнсіз жүре берер дейсің бе?!

Жүрек бар ғой ауыратын бізде де...


Суық мұңнан пайда болды мұз дене, 

Кетпей қойды-ау жабысып ап ой кене. 

Кетіп ең ғой оралмастай бір күні 

Iздеме енді, iздеме менi iздеме!


Жаныңа сенің келді деймiсің күз неге? 

Табиғат, сары түспен құлпырады ғой күзде де!

Сенсiз де өмір жалғаса берер, қорықпа

Бақытты болам, iздеме менi iздеме!


Айтып едім ғой ұмытамын деп күн келе,

Сол күн де келді, тұрмын ғажап күйге ене.

Уайымдама жағдайым қазір тым жақсы

Оралмаймын, iздеме менi iздеме!


Бақытты болу жазылған екен бізге де,

Сабақ болды-ау сезімім менің сiзге де.

Жауабынды алсаң енді кете бер 

Ақымагым-ау, iздеме менi iздеме!


Шын сүйер жан менi дағы жолығар,

Күндіз-түні менi ойлап, сағынар.

Сен секілді жоғалтып ап iздемей

Әркашан да тек жанымнан табылар!!!