Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Аватарына қарап, адамын таны

Аватарына қарап, адамын таны

Аватарына қарап, адамын таны

Кез келген әлеуметтік желінің қолданушысының қоятын суретін аватар деп атап кеттік.

         Психологтар өзінің суретін емес, басқа сурет қолданатын жандардың сурет таңдауында бір мән барын айтады. Яғни өз мінез-құлқынан не дәл сол кезеңдегі жағдайынан хабар беретін суреттерді таңдайды екен.

 

Аватарына жануардың, аңның суретін ілетін адамдар өзінің мінезінің басым қасиеттерін көрсетіп қалуға тырысатындар екен.

Мысықтың суретін таңдаған адамдар -  өзінің ешкімге тәуелсіз екенін алға тартатындар;

Түлкі – қу адам;

Ит – адал адам;

Жылан – ақылды;

Бұқа – күші көп, мықты адам.

 

Егер интернет қолданушысы мультфильм кейіпкерлерін аватарға қойса, ол сол кейіпкерге ұқсағысы келеді немесе аккаунт иесі – жасөспірім. Үлкен адамдар көбіне анименің кейіпкерлерінің суретін қояды.

 

Танымал тұлғалардың суретін қолданатындар – сол тұлғаның өнеріне табынып, фанаты болып үлгергендер, соларға ұқсағысы келетіндер. Меломандар – әншілердің, киномандар – актерлардың, спортқа қызығушылығы басымдары – спортсмендердің суреттерін қолданады екен.

 

Егер аватарына мускулдары көзге ұрып тұратын, боксер, балуан сияқты алып күш иесін қойған болса, өл жасөспірім. Үлкен адамдар да қояды екен, тек олар – өз-өзіне көңілі толмайтын, олқылығы басым комплексті адамдар.

 

 Жауыз, құбыжықтың, қорқынышты кейіпкерлерді қоюшылар – тым тұйық және жараланғыш адамдар екен. Кейде көңіл-күйі болмаған жандар бір сәтке ғана осындай суреттерді қолдануы да мүмкін екен.

 

Егер аватарына әдемі қыздың суретін қойса, оның әйел екеніне сене берген жөн. Ер жігіттің аватарына қыздың суретін қоюы өте сирек кездеседі екен. Жігіт қыздың суретін қойса, ол өзін жалғыз сезініп жүр не өз жартысын іздеп жүр деп топшылаған жөн.

 

Жартылай жалаңаш қыздың суретін қолданушылар – ғаламтор желісінде жаңа таныстық іздеп жүрген әйелдер.

 

Табиғат, гүл, жемістердің тағы сол сияқты жансыз заттардың суретін қоюшылар – табиғатты ерекше жақсы көретін, тез жараланғыш, романтик жандар екен.

 

Психологтардың анықтаған, келтірген тұжырымдары осылай. Дереккөзді таппай қалдым

39
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 05 сәуір 2012, 16:37

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.