Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Солқылдақ түннен кейін...

Солқылдақ түннен кейін...

Солқылдақ түннен кейін...

Мен кейде адам біткеннен жерініп кетем. Тіпті өзімнен де. Мейлі қай жағдайда, қай жерде, қай уақытта болмасын... солай, сөйткім келеді де елдің көзінен тасада қалам. Жоғарыда айтқандай, олардың бәрін тым төмен санағандық емес. Көңілдегі кірбіңді, оған іштегі төзімнің төтеп бере алмауын сырт көзге көрсеткім келмегені ғана.

-         Кетем, - деді. – Бір айға...

Мейлің... Сағыныштың жастығына ғазиз басты илейміз де қоямыз... Басқа дәнеме де жоқ. Шайпау мінездің көкесі демеңіз. Сарыла, тосыла, жабырқап, қимастыққа берілу. Осының бәрі де шын көңілден. Ұғар ма екен дегенбіз. Ұқпапты. Кешегі түннің ұқтырғаны сол ғана – бәріне де төзіммен қарау. «Қылықтының қырық күйгелегі түсірді сондай күйге мені», несін айтамыз. «Жасырмай-ақ халімді жаман дедім». Мұқағали болып ұлыппын. Бас зеңіп кетті. Айыбым сол. Маңғаз басқан, паң кейіпте сонша уақытқа шығарып сала салатындарды түсінбеймін. Сүйгенін. Жо-жоқ, айтқым келгені бұл емес еді. Бұрылып басқа бір ойға шомдық. Мен адамдарды түсіне бермеймін. Олар да түсінбейтін шығар. Шырғалаңның ортасына түсіп аласың да ал кеп айдооой деп лепіре жөнелесің. Жел сияқты. Солқылдақ түн. Жаңағыдай себеп өте көп. Бірде мен, бірде ол... Жәйбарақат сағыныштың шарабын ұрттай-ұрттай ұртымыз желіндегендей болды... Содан кейінгісі ұзааааааааақ сүйіс...

 

P.S. Жаңа жыл кешіне жүргізуші қылып қойыпты мені. «Дауысың жақсы ғой» дейді. Бір сәттік болса да алдануды содан табатын көрініп, келісім бергем. Дәл қазір, қолымда 8 бет сценарий, концерт залында адамдар лықа толып отыр. Мен осы жерде  бір қыртым жазып отырмын. Дел-сал күй. «Әне! Әне! Кетіп бара жатыр!». Менің көлеңкем. Залда отырған төрт жүз (бәлкім одан да көп!) халықтың шапалағы дүниені түбімен қопарып жіберердей. «Ардақ, сен талай шығып жүрсің мұндай жерге. Неге қысыласың?» Ішкі бір дауыс өңменіңнен өтердей болды. Менің көлеңкем бәрін ұмытқан сыңайда. Тамағын бір кенеп алып, халықтың алдына беттеп барады. Тоқтады. Сосын микрофонның жұмысын байқаған. Істеп тұр! Ал кеттік деді іштей...

- Ассалаумағалейкүм...! 

14
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 29 желтоқсан 2011, 22:03
Пікірлер
+0
29 желтоқсан 2011, 10:20

Бәрің сезім туралы жазып....

+0
29 желтоқсан 2011, 11:42

сезімсіз жүрек - тұл

+0
29 желтоқсан 2011, 12:26

Аман болшы! Солқылдақ түн :))))

+0
30 желтоқсан 2011, 09:23

Аман болшы!

+0
29 желтоқсан 2011, 13:56

көңілдің кейбір сәттері... Біз басқалардың өзімізді түсінгенін қалаймыз... шындап келгенде өзімізді өзіміз түсінбейтін сәттер көп қой...

+0
29 желтоқсан 2011, 17:00

Өмір деген жизнь ғой, ондай-ондай боп тұрады.))))))))

+0
29 желтоқсан 2011, 22:05

Көлеңкеге де сенген дұрыс бір сәт.

+0
30 желтоқсан 2011, 09:22

сонда сіз не дегіңіз келді? Мен адамдарды түсінуден қалып барамын ба?

+0
30 желтоқсан 2011, 11:14

Кейде адам өз ішінен екіге жарылады ғой. Пікір қайшылығы туындайды. Сондықтан позитивті өмір сүруге құштар көлеңкенің де айтқанын жасап тұрған пайдалы болып тұрады. )))

+0
30 желтоқсан 2011, 12:25

Рахмет, Қапшақ қызы. Түсінген сияқтымын.

+0
30 желтоқсан 2011, 01:49

Қандай әсерлі жазба, шынайы...

+0
30 желтоқсан 2011, 09:23

Сізге нәәән рахмет!

+0
30 желтоқсан 2011, 09:35

паһ, шіркін!

+0
30 желтоқсан 2011, 10:00

Мейіргүл, Мейіржанның түрін өз көзіңмен көргендей болып тамсандың ғой? :)) Не болды?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.