Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Ажырасу туралы іс

Ажырасу туралы іс

Ажырасу туралы іс

«Жанып-сөнетін жалған дүниенің жұмбағын шешкен жандар бар ма екен, өзі?! Өмірдің мәні – кездесу мен қоштасу ма, сонда? Қоштасатын болсақ неге кездесеміз? Ақыры тағдыр кездестірген екен, жақын жандарымызбен неге қоштасамыз? Неге?»

Тұлға ретінде Болат Атабаевты қатты сыйлаймын және оның «Ақсарай» театрына бару бұрыннан арманым еді. Алайда, кеше «Ақсарай» театрында қойылған «Махаббат деген қандай-ды?..» драмасын режиссер Асхат Маемиров қойғанымен мюзикл-театрға барудан тоқтата алмады.

«Махаббат деген қандай-ды?..» драмасы ХХ ғасыр драматургиясының классигі Александр Володиннің "С любимыми не расставайтесь" шығармасынан алынған. Адамдардың кездесуі мен қоштасуы жайлы сыр шертетін қарапайым, әрі қиын драма.
Пьеса мен қойылымды «Ажырасу туралы іс» деп те атауға болатын еді. Өйткені, жұбайлардың сегіз жұбы бірінен кейін бірі ажырасады. Әрбір кейіпкер – ғашықтық пен сатқындық, тәкаппарлық пен қызғаныш, сүю мен жеккөру сияқты өткелдерді басынан кешіреді. 

Қазіргі қоғамда белең алған ажырасулардың себебі неде? Кейіпкерлердің «Біз бөлек жандар екенбіз» деген басты жауаптары бір кездері жалындаған ұлы сезімнің сынақтан өтпей қалғандығына басты айғақ па? Осындай сұрақтарға жауап іздеген суреткер Володинмен бірге тазалық пен пәктік, өмірдің мәні мен мәнсіздігі жайлы ой-тағылымдармен ой бөліседі. Сұрағы көп, жауабы аз өмірдің жұмбағын әрбір кейіпкер өзінше шешеді, өз тағдыры арқылы ұғынады.

Жалпы қойылым маған ұнады. Заманауи, сонымен қатар қарапайым тілмен жеткізілген, сахналануы да өзгеше. Бір ғана безендірумен сахнада сот та болады, үй де болады, би алаңы, вокзал, темір тор... бірақ соған қарамай артық ештеңеге назарың аумайды. Киген киімдері де бәрінде бірдей: қыздарда етек-жеңдері ұзын көйлектер, ал ерлерде етек-жеңдері ұзын плащтар. Бұл бір «пенделер, не адасқандар» деген мағынаны берсе керек. Театрда кілең жастар ойнайтынымен де тартымды сияқты. Ара-тұра Әуезов драма театры мен Жастар мен Балалар театрынан бөлек, жеке театрға барып тұру керек деп ойлаймын. Және осындай театрлар көп болса тіптен жақсы.

Пы.Сы. Менен жақсы фотограф шықпас... ))

801 0
Рейтинг: +0

Автор: Anara Mustafina
Жазылған уақыты: 05 сәуір 2012, 12:34
Тегтер: Болат Атабаев, Ақсарай театры, Махаббат деген қандай-ды?, қойылым, Асхат Маемиров
Пікірлер
+0
05 сәуір 2012, 12:57

Осы театрға барып қойылымын көру керек еді. Қызықтып жібердіңіз тіпті))

+0
05 сәуір 2012, 13:02

әлдебір ерекшелік бар сияқты

+0
05 сәуір 2012, 13:03

мына актерлер ажырасып жүріп РИЗА боп жүр ғой. Кейбір тұстары ғана шығар.

+0
05 сәуір 2012, 13:12

Екінші суретте ұрсысады, үшінші суретте көңілдесі, төртінші суретте қайта қосылады.

+0
05 сәуір 2012, 13:13

афишалары қай жерде бар?

+0
05 сәуір 2012, 13:35

Театрдың жеке сахнасы жоқ. Фэйсбукте афишалары шығып тұрады екен. Алдын-ала хабарландырып. Естіп жатсам айтармын. )

+0
05 сәуір 2012, 13:25

Жауабы жоқ сұрақтар мен кеудені билеген ән арқылы берілген сезім сынықтарын керемет жеткізе білді. Мұндай қойылымға алғаш баруым, қатты ұнады. Жиі барып тұратын екен

+0
06 сәуір 2012, 00:40

Бармағаныма өкініп отырМ :roll:

+0
05 сәуір 2012, 13:28

Біздің Анара мәдениетті өзіме құсаған! :lol: :lol:

+0
05 сәуір 2012, 14:03

жақсы тақырыпта екен қойылымдары, жастар сабақ алатындай :!:

+0
05 сәуір 2012, 14:27

Кез-келген қойылымнан сабақ алуға болады, театрдың құдіреттілігі деген сол!

+0
05 сәуір 2012, 17:38

ендігі жолы баратын болсаңдар, мені ұмытып кетпеңдерш, өтініш, а? :mrgreen:

+0
05 сәуір 2012, 19:32

Жарайды. ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев