ҚазҰУ-да Массагет.кз сайтының презентациясы өтті

ҚазҰУ-да Массагет.кз сайтының презентациясы өтті
жеке
блог

Сәлем, сәлем, достар!

Кеше әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің қасиетті қарашаңырағы филология факультетінде сайтымыздың презентациясын жасадық. Алдын ала құлаққағыс жасап, корпусқа мынадай хабарландырулар ілдік.


Бұл біздің жасаған алғашқы презентациямыз емес. Бұған дейін Астанада өткен "Блогқұрылтай-2012" блогшылар құрылтайында сайтымызды жалпақ жұртқа таныстырған болатынбыз.  

Түскі сағат 2-де 312-аудиторияда презентациямызды бастадық. Алдымен сайттың концепциясымен, функциясымен таныстырдық. 

Қатысушылар презентацияны ұйып тыңдады.

"Екпін" онлайн-журналынан келген Айнұр презентациядан туит-репортаж жасады.


Факультетіміздің профессоры Гүлдархан Смағұлқызы Массагет.кз сайты туралы жылы лебізін білдіріп, өз ұсыныстарын айтты. "Массагет сияқты портал бізге ауадай қажет-ақ. Сіздер үшін жасалып жатқан мынадай дүниеге бәрің 100 пайыздан аса атсалысуларың керек" -деді ол. 

 


Гүлдархан апайымыздың жылы лебізіне ие болып бір қуансақ, студенттердің белсенділігіне екі қуандық. Студенттер сайт туралы сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты. Белсенді студенттердің арқасында аудитория ішінде қызу пікірталас жүрді.

 

Кешкі сағат 7-де осы қарқынмен ҚазҰУ-дың 17-жатақханасының акт залына келдік. Сайтымыздың таныстырылымын осы жерде жалғастырсақ дедік.

Презентацияға дайындалудамыз.

Бастадық )


Бұнда да ҚазНет келешегіне бей-жай қарай алмайтын өте белсенді топ жиналды. Сайтымыздың тұрақты қолданушысы Ардақ Құлтай да келді. Бұлардың ішінде массагет сайтын білетіндер де, білмейтіндер де бар. Таныстырылымнан соң, студенттер сайт туралы өз пікірлерімен бөлісті. Соңында шағын зал пікірталас алаңына айналып кетті.


Презентация ойдағыдай өтті. 

Презентациямыздың сәтті өткенін соңында

мантымен атап өттік )

Міне, осылайша шабытымызға шабыт, ойымызға ой үстеп қайттық )