Сыйлықтарыңа көп рахмет, Массагет!
жеке
блог

Сыйлықтарыңа көп рахмет, Массагет!

   Сәлем, Массагеттік достар! Бүгін жаз бойы серігіміз болған "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!" байқауының сыйлықтарын алып отырмын! Өте қатты қуаныштымын!

   Бір күні әрқашан мақалаларын оқып жүретін сайтымнан көп сыйлықтар және ыстық тілектер жазылған ашық хат аламын деп ешқашан ойламаппын. "Жақсы сөз жарым ырыс" демекші тілекші сөздер жазылған ашық хат маған аса қымбат сыйлық болды!

  Негізі биылғы жылғы үлкен жетістіктерімнің үлкен себепшісі - Массагетке үлкен алғыс айтамын! Себебі, осы сайтта жарияланған оқушылар арасындағы екі байқаудың да жеңімпаз жүлдегері атандым! Оның біріншісі ақпан-наурыз айларында өткен "Қазақ хандығының 550 жылдығына" орай ұйымдастырылған "Ұлт тарихы оқушы көзімен" атты шығармашылық байқауында 1 орын иегері болдым. 

  Ал, енді екінші жеңісім Массагеттегі жазғы оқушылар арасындағы жарыс болды. Бұл жарыста командамен 1 орынға жетсем, жекелей 10 орынға ие болдым.

   P.S.Массагет сайты әлі жас болса да жастарды алға жетелеуші бірден бір мықты портал! Әрқашан сіздермен біргемін!