Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Ғаламтор саудасы: Төлем картасын ашу

Ғаламтор саудасы: Төлем картасын ашу

Ғаламтор саудасы: Төлем картасын ашу

Төлем картасын ашу

Бүгін Альянс Банкіге барып, карта ашуға тапсырыс жасап келдім. Тапсырысты үйден отырып та жасауға болар еді, банк сайтында ондай мүмкіндік бар екен. Бірақ сосын бәрі-бір бөлімшеге барып, құжаттардың түпнұсқаларын көрсетуге тура келеді. Сондықтан ерінбестен бара салуды жөн көрдім. Тағы бір ойым - карта ашуға іс жүзінде кететін уақытты анықтау. Әрі банк қызметкерлерінің «көшеден кірген» қарапайым клиенттерімен қалай сөйлесетіндіктерін байқап көргім келді.

Мен барған кезде банк бөлімшесінде кезек жоқ, айландырған үш-төрт клиент отыр екен. Айдың соңына таман пәтерақы мен несие төлейтіндер саны күрт көбеетіндіктен уақытты созбай ертерек барғаным дұрыс болыпты.

Карта шығаруға тапсырыс қабылдайтын менеджер қыз бос екен, алдына барып отыра кеттім. Қыздың алдына емес, алдындағы орындыққа отырдым. Жайғасып алып, Visa Virtuon картасын ашуға келгенімді айтып, құжаттарымды ұсындым.

Карта ашуға қажет құжаттарКарта ашу үшін кез келген банкінің талап ететін құжаты екеу ғана – жеке куәлік пен СТН (РНН). Тұпнұсқаларын да, көшірмелерін де ала барғам. Бірақ мен апарған көшірмелердің қажеті болмай шықты, қабылдамады. Менеджер түпнұсқалардан өзі көшірме жасап, оларға бұрыштама мөр басып, күнін жазып, қолын қояды екен. Қауіпсіздік жағынан өте дұрыс, өйткені қазір Photoshop-ты екінің бірі біледі. Ал бұл бағдарламен өтірік көшірмені жарты сағатта-ақ жасай салуға болады. Ішімнен банкіге бір плюсымды қойып қойдым. Тағы бір плюсты менеджер қыздың клиентпен сөйлесу мәнеріне қойдым - әрі сыпайы, әрі салмақты. Қайсібір фирмаларда (әсіресе шетелдік) клиентіне отыз екі тісін көрсетіп өтірік күлетін жаман әдеттері бар. Мұндай жасанды ыржиюды Карнеги бастаған американдықтардан үйренгендері деп білем. Ал Альястағы қыз маған алғашында бір жымиды, кетерімде бір жымиды. Соның өзі де жеткілікті емес пе? Бастысы жұмысымның тез және тиянақты орындалуы ғой.

Карта ашу үшін сауалнама-арыз толтыру керек екен. Менеджер берген бланкіні толтыруға кірістім. Кәдімгі үйреншікті сауалнама, еш қиындығы жоқ: картаның түрі, аты-жөнің, мекен-жайың, пошта индексің, телефон нөмірің, жеке куәлік пен СТН-нің мәліметтері, e-mail, жұмыс орның, тағы сол сияқты сұрақтар. Бір қызық жері, басқа банкілердегідей құпия сөзді сұрамайды екен. Сонымен бірге ең бір маңызды нәрсе саулнама-арызға кірмей қалыпты, ол - картаның валютасы. Қалай ұмытып кетті екен? Арыздың жоғарғы жағындағы бос орынға «USD» деп жазуға тура келді. Банкіге ішімнен бір минус қойдым.

Арызымды менеджерге беріп, енді картаның бір жылдық құнын төлемекші болдым. Сөйтсем кассаға төлеудің қажеті жоқ екен. Кейін, карта дайын болып, оның шотына алғашқы ақша түскенде ғана банк 1500 теңгені долларға есептеп, тікелей картадан ұстап қалады екен.

Банкіге аттап кірген сәттен шыққанға дейінгі аралықта сегіз-ақ минут өтті. Кемінде жарты сағат уақытым кетеді-ау деп болжағаным дұрыс болмай шықты. Кезек күтіп отырып қалмасаң ілезде бітетін шаруа екен.

Енді өзіме өте ұнамаған нәрсені айтайын. Карта 10 жұмыс күнінен кейін ғана дайын болады екен. Он жұмыс күні дегеніміз шамамен жарты ай ғой! Басқа банкілер Virtuon секілді қарапайым карта тұрмақ, кәдімгі карталардың өзін бір аптада шығарады. Альянс Банкінің карталарды неліктен сондай ұзақ жасайтындақтырының себебін ұқпадым, жай ғана ішімнен дәу минус қоя салдым.

Банктердің ішінде фото мен видео түсіруге тиым салынатынын өздеріңіз де білесіздер, сондықтан бұл жазбамда бүгінгі барған Альянс Банкі бөлімшесінде жасаған суреттер жоқ болып отыр.

Айтпақшы, бірнеше сағаттан соң телефоныма банкіден HandyPay жүйесінде тіркелу ұсынысы жасалған смс келді. Тіркелу үшін карта алған кезде берілетін арнайы кодты смс-те көрсетілген нөмірге жіберу керек екен. Бұл жүйенің мүмкіндіктерін кейін зерттеп көрермін, әзірше маған оның қажеті шамалы. Ыңғайлы деп естігем, бірақ өзім тексермесем болмас.

Сонымен, Visa Virtuon-ның иесі болу, ғаламтордан зат алуды үйрену жолындағы кезекті қадамымды жасадым. Енді тек картаның дайын болуын күтуім керек. Карта қолыма тигеннен соң жазбаларымды жалғастырам. 

Жалғасы: Қазақстанға алып келуге болатын заттар

Алдыңғысы: Төлем карта шығаратын банкіні таңдау

1714 0
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 19 сәуір 2012, 15:33
Тегтер: төлем картасы, банк, Альянс банк, құжат
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев