Сананы улап, Жанды баурап алған……

Сананы улап, Жанды баурап алған……
жеке
блог

Жастарды баурап, Сананы улап - болған, өзге Ұлттың Қадірсіз Мейрамдары! 

         Өзге Ұлттың Мерекелерін Ұлықтап, соларды тойлайтын ҚАЗАҚ Жастары, бүгінде жетерлік. Көпке бірдей топырақ шашпаймын. 5 саусақ бірдей емес. Дегенмен ащы да болса, Шындық осы!

     Бүгінгі, Ғашықтар күні- Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күнін бірі білсе, енді бірі біле бермейді. 

      Сананы улаған, Жастарды өзіне баураған Әулие Валентин, бүгінде,  ҚАЗАҚ Жастарының Санасында "Ғашықтар күні" болып қалыптасқан. 

Әулие Валинтин десе, алдарына жан салмай,  Роматикалық кештерді ұйымдастырып, көңілді өткізетін де ҚАЗАҚ Жастары!

(Көпке топырақ шашпаймын).

        Өзіміздің Мерекелеріміздің тарихын жатқа білмесекте, оларға аса мән бермейміз. Ал, өзге Ұлттың кейбір мерекелерінің жан-түршігерлік тарихын біле тұра Тойлаймыз. 

           Дегенмен, Санамызда қалыптасқан Әулие Валинтин мен ҚАЗАҚтың Ғасырлық тарихы боп қалған Ғашықтарымыз Қозы мен Баянды салыстырып көрейік...

      ҚАЗАҚтың Аңыз болған Ғашықтары бір-біріне деген Адал Махаббаттары мен Пәк Сезімдер үшін Махаббат жолында өздерін Құрбан еткен Қос Ғашық!

Ал, Әулие Валинтин кім? Айтуға ауыз бармайды. Сорақылық пен Арсыздықтың күнін кештірген бір Бейбақ! 

      Тәуелсіз Елде, Жастарды тәуелді қылу ойымызда жоқ! Дегенмен,  бір сәтке болсада ойланайық! Біз кімдердің мерекесін тойлап, кімдер үшін ақшамызды көкке шашамыз. 

    Бекболат Тілеухан ағамыз айтқандай: "ҚАЗАҚтың Қамын Жемегендер, ҚАЗАҚтың Нанында Жемесін"-,дейді. 

Сол айтқандай, ҚАЗАҚтың айтулы Мерекелері үшін бас ауыртпаған өзгелер үшін, Біздерде оларға бас ауыртпайық. 

   Әулие Валинтинді Мадақтайтын ҚАЗАҚ Жастары көп болса, Қозы мен Баян күнін тойлаған өзге Ұлтты әліде болса көрмеппін. 

    Сондықтанда, ҚАЗАҚтың Жанын житін өзге Ұлттардың мерекелерін Ұлықтамас бұрын,  ҚАЗАҚтың Қамын да, ҚАЗАҚтың Нанында өзімізге бұйыртайық! 

   Келер Ұрпаққа Саналы тәрбие болып, Ғасырлар бойы азық болатын ҚАЗАҚтың Мерекелерін Санамызға кеңінен таратып, Тамырын тереңге жәйайық…………!

©Алтын Жолдыбайқызы