Мен де келіп жеттім...

Мен де келіп жеттім...
жеке
блог

Қазақ Интернеті енді ғана тізеден тұрып, дамып келе жатқан мына заманда құнды ақпарат табу оңай соқпай жатқандығы хақ. Интернетті ақпараттардың үлкен қоқысы деп алатын болсақ, біз қолданушылар бейне бір қаңғыбас: әр жерден күнімізді көріп, керегімізді алып жүрген. Қазақ жастарының көбісі Мой Мир деген сасықта уланып жатқанда, олардың басқа бір бөлігі осындай қазақи ортада тұрақтанып, өмір сүріп жатқаны қуантатын жағдай, әрине. Сайттағы мәліметтерге қарап, оның арғы жағында бақылап, тексеріп, өңдеп, жазып отырған команданың қажырлы еңбегін байқамау мүмкін емес. Сондықтан да тілегімнің бірсыпырасы осы жандардың шаршамай, шалдықпай жылдан-жылға даму үстінде еңбек етуден қанаттары талмастан, біздей қолданушыларға керегін ұсынып, өздері бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатқан адамдардың денсаулығы мен бақыты үшін арналады.

Өзім жайлы айта кетуге рұқсат етсеңіздер. Мен ҚұсБегі. Тәнім мен жаным жоқ. Тек қана бір адамның ақылының жемісінен пайда болып, соның рухани ізденістерінен өзіме қуат алып өмір сүріп келе жатқан "тұлғамын". Айнараның "Әминасы" сияқты ұзақ уақыт "шын адам" болып жүруге құлқыным жоқ. Кім екенімді әу бастан-ақ танып алуларыңызды сұраймын. Жалпы айтқанда менің осы жердегі ием яғни "конструкторым" - көзі нұрланғанда ай ұялып бұлт артына, күн ұялып ұясына тығылатын ҚараСақал яки SADKO FM XDDDDD Қандай екенімді жазуларымның барысында өздеріңіз біле жатарсыздар. Ал, орта толсын, достар!