Қорытынды (байқау)

Қорытынды (байқау)
жеке
блог

Қайырлы күн Массагет ұжымы! "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауы да соңына таяды. Осы уақыт аралығында біраз нәрсе үйрендік, біраз қызықты блогтар оқыдық. Барлық қатысушылар жеңістен үмітті!

Мен ең бірінші байқау ұйымдастырушыларға алғыс білдіргім келеді. Осындай мағыналы байқау ұйымдастырып, әрбір қатысушының өзіне артылған жауапкершілікті сезінуге, уақытын тиімді пайдалануға, жалпы тұлға болып қалыптасуына үлкен септігін тигізді деп айта аламын.

 

Мен байқау барысында алдыға қойған мақсаттарыма толық жеттім деп айта алмаймын. Ол үшін жетекшіммен топтағы қыздардан кешірім сұраймын. Бұл да болса менің бір қателігім деп білемін. 

1. Шаш өріп үйренуді мақсат еттім: Нәтижесі жаман емес берілген уақыт аралығында бірнеше шаш өрімдерін үйрендім.

2. Ұлттық тағамдар: біраз ұлттың тағамдарын іздедім таныс болдым, бірақ сіздермен тек қана татар тағамының жасалу жолын бөлістім.

Ең бастысы осы байқаудың арқасында Қазақстанның әр қаласынан достар таптым, Қарлыға әпкедей тамаша жетекшімен таныстым. Қатысушылардан біраз нәрсе үйрендім, қызықты блогтардың куәсі болдым. 

Әрбір қатысушы жеңістен үмітті! Тілектеріңіз қабыл болғай. Бастысы достығымыз мәңгі болсын!

P.S. Достықтың саны шектелмейді. Әлемнің қай бұрышында болсақта жүрегіміз бірге болсын, таныстығымыз достыққа ұласты, бұл да болса бір нәтиже. Алға "Томирис" арулары!