Қазақ тілі

Қазақ тілі
жеке
блог

Қазақ еліндегі ең маңызды мәселенің бірі, әрине өзіміздің қазақ тілінің жағдайы. Қазіргі экономикалық қиындықтар, мұнайдың арзандауы, теңгенің құнсыздануы уақытша нәрселер. Ал тіл мәселесін 25 жылдан бері әлі шеше алмай келе жатырмыз. Мәселен тек Қазақ елінде ғана осындай жағдай бар шығар. Орыстар өз ана тілінде ғана сөйлеп, еркін тайраңдайды. Ал қазақтар ресми тілді үйренбей кез-келген жұмысқа орналасам деуі тек арман ғана. Бұған кімді кінәлаймыз? Әрине өзіміз. Тіл мәселесі шешілер еді, Егер мына жағдайлар орындалса:

 Ең намысшыл халықпыз деп көкірек ұратын қазақтар өз Ана тілін білмегеніне намыстанса.

Сынға ең көп ұшырайтын Ана тілін білмейтіндер, сыннан қорытынды шығарса.

Сыннан қорытынды шығару арқылы, Қазақстан азаматы болып табылатын өзге ұлт өкілдеріне талап қойылса.

Жер бетіндегі ең қонақжай, ең кішіпейіл, ең ақкөңіл халық болмай-ақ ең талапшыл халық болайықшы. Қонақжай боламыз деп басқаларды басымызға шығарып алдық па деп ойлаймын. Сондықтан да талап қоя білу арқылы да қонақжай болуға болады. Сонда қазақты басқалар да сыйлайтын болады.