Теріскейден: жедел ақпарат.

Теріскейден: жедел ақпарат.
жеке
блог

Өтірік расын білмеймін. Бірақ Петропавлдай провинциялық қаланың Дмитрий Голуб есімді тұрғыны, "Неделя СК" газеті хабарлағандай Голливудтық деңгейдегі блокбастердің бас сценаристі ретінде танылуы мүмкін. Бұл хабарға өз басым риза болдым. 19 жасар Дмитрий "Город 2087:Бритва" деген атаумен фантастикалық әңгіме жазып, ғаламторға салған екен. Ойында ештеңесі жоқ Дмитрийдің әңгімесін режиссер  Тимур Бекмамбетовтың өзі оқып шығып, ұнатса керек. Сонымен не керек, Дмитрийдің жұлдызы оңынан туайын дегенге ұқсайды. Тимур Бекмамбетов Дмитрийдің шығармасы негізінде Голливудта фильм түсірмекші. Фильмнің кей тұстары тіпті Қызылжадың өзінде түсіріледі деп баяндайды "Неделя СК" газеті. Сондықтан бізге әліптің соңын күту ғана қалды.