СӨЗ МӘРЕСІ

СӨЗ МӘРЕСІ
жеке
блог
  1. 1.      Неге адамдар виртуалда бөлек, реалда бөлек?

 Өмір ол ӨМІР. Қиялдауға мүмкіндік болмайды. Шындық жалғандықты сүймейді.

  1. 2.      Неге қазақтілділер үшін мой мир бәрібір құдіретті?

Ол әркімнің өз қалауы. Менің өзім өзге сайттарменде жұмыс жасаймын.

  1. 3.      Неге жұлдыз дегенде ойымызға бірден әншілер келеді? Неге тек қана әншілер?

Жұлдыздар деген екіге бөлінеді: Жердегі және Көктегі. Маған көктегі жұлдыздар ұнайды. Пайдасы көп.

  1. 4.      Неге интернет арқылы таныстық шын өмірдегідей шынайы болмайды?

Неге шынайы болмайды? Болады. Тек, шыдам мен төзім қажет. Өмір де ТҮР, Интернетте ТІЛ;

  1. 5.      Неге адамның сыртқы түрі, киімі бірінші рөл ойнайды?

Кей сәттерде адамның сыртқы киімі оның ой пайымынан хабар береді. Жалпы өз басым оны сақтай бермеймін. Мені алғаш көрген адам сабаөты қатырмайтын, қмірде жолы болмаған тоң мойын біреу деп ойлары әбден мүмкін. Өйткені, спорттық киімдерге көп құмартам.

  1. 6.      Қазақстан алдағы жылдардың ішінде Қытайға қосыла ма, Ресейге ме?

Саясат құбылмалы дүние. Өз уақытында бағамдармыз. Бірақ, Орекендер жақсы деп ойлаймын.

  1. 7.      Неге адамға  үйленгенше анасы, бауыры, үйленген соң, жұбайы, өз отбасы ыстық болып кетеді?

Мен бұл пікірмен қосылмаймын! Анасын және бауырларын артық көретін жандар жоқ емес. Бірақ, солдаттар көбейген сайын Әйел атаман бола бастайды деген рас қой. Содан туындаған пікір болар. Бірақ, менің жарым болар бұрымдының бұл жағдайда дегені бола қоймас!