Имамдарда ыстайды, журналистерде сүрлейді...

Имамдарда ыстайды, журналистерде сүрлейді...
жеке
блог

Әдеттегі қарапайым қазақ отбасының күнделікті бірі-біріне ұқсас күндердің бір күнінде кешқұрым, жаюылы дастархан үстінде бір оқиға орын алды....деп бастасам ертегіге ұқсаңқырап кетеді. Сондықтан әзілі мен шыны араласқан оқиға қарапайым отбасында орын алған соң, менде қарабайыр қазақтың сөздерімен бастауды жөн көрдім.

Бір күні жұмыстан кейін үйде отбасы мүшелерінің барлығы бір дастархан басына жиналды. Жолдасым, қызым және мен. Кешкі ас барысында демалыс күндері ата-анамның үйінен жеген астың дәмін еске алудамыз. Папам мен мамам соғым етін сүрлеп, сол еттен күйеу баласы келді деп табақ көтерді. Сүрленген еттің дәмі тіл үйіреді. Дәмі деген керемет. Ақ қайың ағашының түтініне сүрленген етке қараған бойда, сілкейің ағып, тіліңді жұтып ала жаздайсың. Шай іше отыра, жолдасым екеуіміз сол ас тақырыбында әңгіме-дүкен құрып отыр едік. Жұмыстан кейін қазір, шіркін, сол еттен бір-бір асасақ жақсы болар еді десіп те қоямыз. Әңгіменің қызғаны соншалықты "Етті қазақтар баяғыда қалай сүрлеген" деген тақырыпқа ауысып кете бардық. Баянауылдың тумасы отағасы: "негізінен етті ысталған деп айтқан дұрыс" десі бар ма? Солтүстіктің тумасы мен: "Жоқ, ол ет ысталмаған, ақ қайың ағашының түтініне сүрленген" дедім мен. Етті сүрлеген деген дұрыс деп айта түстім. Сөйтіп, несі бар сүрлеу мен ыстау сөздерінің жеті атасына дейін зерттеп шықтық. Отағасы қазақтың төл сөзі ыстау, сүрлеу емес десе, мен дағы қалыспай ақ қайыңдар өлкесінде сүрлеу дейді, деп солтүстікқазақстандық өкілі ретінде қалыспай отырмын. Екеуіміздің әңгімемізді кілт жібермей тыңдап отырған 4 жасар қызымыз:"Папа мама тоқтаңыздаршы. Имамдарда ыстау дейді, ал журналистерде сүрлеу дейді" деп екеуіміздің манадан бері қызыл кеңірдек болған дебатымызды лапылдап жатқан отқа бір шелек суық су құйғандай басып тыстады. Қызымыздың айтқан сөзіне аң-таң отағасы екеуіміз ду күлістік. Диалект сөздердің шығу төркінін әкесі мен шешесінің иемденген мамандығына сәйкес жіктеген, әзілі мен шыны аралас қызымыздың сөзінен диалект сөздердің төл нұсқасы жайындағы тартыс  "Бір қарын майды шірітер құмалақтай" екенін ұғына түсіністік. Баянауыл мен еліміздің аққайыңдар өлкесі атанған солтүстік қазақстанды құдаластырған бір отбасының мысалы, барлық қазақстандықтарға ортақ. Ықылым заманда елде руаралық, жүз аралық тартыстар орын алып, елдің құтын қашырса, қазіргі таңда туған тілі бір тұғырға бірікпей жатқан халықтың диалект сөздерге қатысты жік-жікке бөлінуі де таңдаған оң бағыт болмаса керек.

Сурет гуглдан алынған.