Байқауға қатысушыларға арналған арнайы тапсырмалар
жеке
блог

Байқауға қатысушыларға арналған арнайы тапсырмалар

Массагет порталы ұйымдастырған «Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!» байқауының соңғы аптасы да келіп жетті. Жарыс басында хабарлағанымыздай, бүгін біз байқауға қатысушыларға арналған арнайы тапсырмалар ретін жариялағалы отырмыз.

Байқауға қатысушылар 7 тақырыптағы бағыт бойынша бөлінген. Сол арқылы арнайы тапсырмаларды орындайтын болады. Сонымен қатар, биыл қазақтың ұлы ақыны Абайдың 170 жылдық мерейтойы. Осыған орай барлық қатысушыларға қосымша арнайы тапсырмалар ұсынылып отыр. Оны жазу арқылы қатысушылар қосымша ұпайларға (20 ұпай көрсеткішімен) қол жеткізе алады. Қосымша блогқа Абай шығармашылығы туралы, өлеңдері, поэмалары мен қара сөздері жайлы терең де сыршыл ойларыңызды жазсаңыздар болады. Сондай-ақ, ұлы Абай туралы жазған ақын-жазушылар туралы, шығармалары мен ақын шығармашылығын зерттеушілер туралы жазсаңыздар да қабылданады (көшірме болмауы тиіс). Бұл жарысқа қатысушыларға берілген қосымша мүмкіндіктердің бірі. Ал байқау аясындағы мақсаттарына жету жолында жазған жазбалары бұрынғыдай (лайк, пікір және көрілім) бағалана беретін болады. Бұл блогта мақсаттарының қаншалықты деңгейде орындалғаны міндетті түрде жазылуы тиіс.

Нақтырақ айтсақ, байқауға қатысушылар 8 күн ішінде 3 блог жазады. Бүгіннен басталған арнайы тапсырмалар уақыты сәрсенбі күні (Астана уақытымен сағат 21:00) аяқталатын болады. Ендеше жарысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Ағылшын тілі бойынша арнайы тапсырмалар:

Арайлым Есіркеп (Эрудит) - "High School",What do you think about high school? Is there any opportunities to make a good friends for whole life?

Мөлдір Қуат (Эрудит) - "Family size", Is it better to have a big or small family?

Жадыра Ерболған (Хан Tengri) - "Cooking", What can you cook well?

Гүлдәрі Құрманбек (Томирис) - "Best city", What is the best city in your country?

Саламат Сетеш (Парасат) - "Season", What is your favourite season?

Арайлым Сауранбай (Парасат) - "Favourite colors", What is your favourite color?

Ағылшын тілі бойынша арнайы тапсырмаларға қойылатын міндеттемелер:

- шығарма 150 сөзден кем болмауы керек;

- Тақырып толығымен қамтылуы керек;

- Тақырыпқа қатысты жеке пікірдің жақсы және жақтары қамтылуы керек;

- Шығарма құрылымы кем дегенде 3 абзацтан тұрып, кіріспе, негізгі бөлім және қорытындылары болуы тиіс;

Аспазшыларға арналған тапсырмалар:

Зелимхан Жолдасов – «Мұзбалақ»

Ақбаян Қоныс – «Парасат»

Лунара Аманғалиева – «Мұзбалақ»

Ақерке Ерболған – «Хан Tengri»

Әсем Жолдасова – «Томирис»

Арай Баймахан – «Томирис»

Аяжан Сағиева – «Эрудит»

Жадыра Марат - «Мұзбалақ»

Ақерке Ашимақын - «Мұзбалақ»

Аспаздар арасындағы сайысқа қатысушылар авторлық мәзір жасайды. Жасайтын тағамы кемінде 5 суретпен түсіндіріледі. Тағамды неден және қалай жасайтыны өз еркінде. Тек бұрын-соңды жасалмаған болуы тиіс. Интернет, газет-журнал беттерінен алынған мәзірді дайындауға тыйым салынады. Мұның барлығы тексеріледі. Мұнымен қатар, әзірленетін тағамына ат қойып, оның шығу тарихын ойдан құрастырады. Мәтін кем дегенде 1 500 символдан құралғаны жөн. Түсірген суреттерін фотошоппен өңдеп, коллаж жасауына болады. Бағалау барысында қатысушылардың мүмкіндіктері әртүрлі болғандықтан, суреттің сапасы ескерілмейді.

Жасалған тағамдарға аспаз мамандар баға беріп, ең үздік мәзірді әзірлеп, сайтымызға жариялайтын боламыз. Бағалау барысында тағамға ғана емес, оның сөзбен, суретпен жеткізе білуіне де мән беріледі.

 

Кітап оқу мақсатын алға қойғандарға:

Аят Асқарбекұлы (««Хан Tengri») - Ең үздік 5 поэма

Оразбек Пернебай («Эрудит») - Ең үздік 5 роман

Ерлан Лаханов («Эрудит») - Ең үздік 5 пьеса

Жансая Олжабек («Томирис») - Ең үздік 5 ертегі

Мөлдір Жұбаева («Томирис») - Ең үздік 5 новелла

Сағыныш Тасболат («Хан Tengri») - Ең үздік 5 повесть

Сайысқа қатысушылар арасындағы кітап оқуды мақсат тұтқандарға көркем әдебиеттің үздіктерін анықтау тапсырылады. Өзіңіз бұрын оқып, қанық болған шығармаларыңыз ішінен 5 үздік туындыны атайсыз. Блогыңызда не себепті ол шығарманы таңдағаныңызды жазасыз. Әр шығармаға қоғамдағы құндылығы, оқырманға берер пайдасы, тәрбиелік мәні тұрғысынан сипаттап, бағалайсыз. Таңдаған шығармаңыздың өзектілігі, жазған мәтініңіздің (1500 символдан кем емес) тілі шұрайлылығы, орфографиялық-пунктуациялық сауаттылығы ескеріліп, әділ қазылар өз бағасын беріп, қорытынды шығарады.

 

Тілші болу мақсатын алға қойғандарға:

Жұлдызай Мұсаева - «Мұзбалақ»

Астанай Бақыт - «Парасат»

Гаухар Орынбасар - «Эрудит»

Даулетбақ Муятов - «Хан Tengri»

Гүлнұр Маратова - «Томирис»

Ырыскүл Кеңшілік - «Томирис»

Жанерке Жұмабайқызы - «Парасат»

Журналистика саласына қатысты мақсат қойған қатысушыларға төмендегідей тапсырма беріледі. Олар қоғамдағы кез келген әлеуметтік мәселені көтеріп, айшықтауы керек. Мақаланың мақсаты сол мәселенің қоғамда бар екеніне сендіру, оның халыққа қалай әсер етіп жатқанын анықтау болуы керек. Журналист мақаласында проблеманы шешу жолдарына қатысты мамандардан пікір алып, қорытынды жасауына болады.

Ескерту: Байқауға қатысушының саяси, діни тақырыптардан басқа жұмыстары қабылданады.

 

Сурет салуды мақсат тұтқан қатысушыларға:

Айсәуле Тілеуғали - «Хан Tengri»

Мерей Әділқызы - «Хан Tengri»

Дина Бөкебай - «Хан Tengri»

Сурет салуды мақсат тұтқан қатысушыларға қызықты тапсырма беріліп отыр. Олар осыған дейін мұқабасына сурет салынбаған қазақ әдебиетінің туындыларының бірін таңдап, сыртқы бөлігінің көрігін ашатын сурет салады. Яғни, кітаптың сыртқы мұқабасын жасайды. Оны кітаптағы оқиға, айтылар оймен ұштастыра білуіне баса мән беріледі. Одан кейін сурет салу шеберлігі бағаланады.

 

Өлең шығаратын қатысушыларға:

Айнұр Исмаилова - «Парасат»

Бөріхан Атахан - «Эрудит»

Жас ақындарға арнайы тапсырма ретінде «Абай рухымен сырласу» тақырыбы аясында өлең жазу тапсырмасы жүктеліп отыр. Өлең 4 шумақтан кем болмауы тиіс. Жыр жолдарының бағасын жас айтыскер ақын Жасұлан Исақаев пен сайттың редакторы Мейіргүл Оңғарова беретін болады.

 

Жекелей тапсырмалар:

Кәусар Тортай («Парасат») – Ертегі жазу

Байқаудың ең жас қатысушысына ертегі жазу тапсырмасы жүктеліп отыр. «Парасат» тобының жетекшісі Нұрбол Нұрмаханұлы Кәусардың ертегі жазуға қарымы жетеді деп сенім білдірді. Біз де талантты арудың бұл сыннан өтеріне сенім білдіреміз.

Аяжан Базілжанова («Мұзабалақ») – Әр үйден табылуы тиіс жеті гүл

Аяжан байқауға қатысушылар арасында гүл өсіруді мақсат тұтқан жалғыз қатысушы. Осыған орай біз оған жекелей тапсырма ұсынып отырмыз. Тапсырма бойынша Аяжан әр үйден табылуы тиіс жеті гүлден бөлек, Алматы қаласының ауа-райына төзімділігін де тарқатып жазатын болады. Сол арқылы «Мұзбалақ» үміткерінің жазбасы бағаланатын болады.

Назым Сапарова («Томирис») - көлікті тұраққа (гаражға) артқа айдап қою, алған әсерін төте жазуда жазу.

«Томирис» тобының белсенді қатысушысына да қызықты тапсырма беріліп отыр. Ол көлік үйренемін деп те мақсат қойған болатын. Осыған орай, арнайы тапсырма бойынша Назым автокөлікті артқа айдап, тұратын орнына (гараж) қоятын болады. Тапсырма видео бойынша расталады. Одан алған әсерін төте жазуда жазады.

Фарида Бейсенқожа («Парасат») – Абайдың бір қара сөзін мәнерлеп оқу.

Фарида өз блогтарын көбіне ұялы телефон арқылы жазатын болғандықтан, осындай тапсырма беруді жөн деп таптық. Абайдың бір қара сөзін мәнерлеп оқып, оның түсінігін өз ойымен жазып шығатын болады. Сол арқылы қатысушының еңбегі бағаланады.

Алтынай Жырғалбай («Парасат») - 3 түрлі би билеу

Байқауға қатысушы биші ару үш түрлі би билеп, видеосын жолдайтын болады. Үш бидің қатарына «Қамажай», Египет және Қытай елдерінің ұлттық билері ұсынылып отыр.

Малик Сейтбек – Туған жерінде өсетін емдік қасиеті бар өсімдіктердің тізімін жасау

Туған жерінде өсетін емдік қасиеті бар өсімдіктердің тізімін жасау. Оларға жеке-жеке тоқталып, қандай ауруға ем болатын, қалай пайдалану керектігін кеңінен жазу. Сондай-ақ олардың халықаралық тілдегі аты мен қазақша аттарын тауып жазып шығуы тиіс. 

Айзере Рахманбердиева – киригами өнері бойынша Ақ Орданы жасап шығу

Массагет сайтының белсенді блогерлерінің бірі байқау барысында киригами жасауда таланты жоғары екенін байқатты. Сол мақсатта арнайы тапсырма да таңдалынып алынды. Айзере байқаудың соңғы аптасында қағаздан Ақ Орданың нұсқасын жасайтын болады.

Айта кетейік, арнайы тапсырмалар ұпайы 80 ұпайлық көрсеткішпен бағаланады. Ал Абай туралы жазылған жазба 20 ұпаймен бағаланса, қорытынды блог бұрынғыдай (лайк, пікір және көрілім) есептеледі. Сондай-ақ, соңғы аптада үздік блог пен жетекшілер ұпайы алынылып тасталады.