Сәлемесіздер ме, қадірлі достар!

Сәлемесіздер ме, қадірлі достар!
жеке
блог

Теріскейден жалынды сәлем! Кең байтақ еліміздің солтүстік өңірінде ауа температурасы +5-ті көрсетіп тұр. Қала көшелері көл-дарияға айналғалы қашан. Сондықтан тұрғындар барынша көлік қатынайтын тас жолдардан алшақ жүруге тырысып, "су үстіме шашырап кетпесе игі еді" деп өткен-кеткен әр көліктің ізін бағуда. Құстар да бұл-бұлша сайрап, қаһарлы қыстың беті бері қайтып, көктем мезгілінің келгенінен белгі беріп, қалың жұртшылықты қысқы ұйқыдан оятып жатқандай. Несін айтасың, көптен күткен көктем де келді. Жайма шуақ күндердің бір күнінде массагеттей ұлттық порталға қадам басқан мен үшін тағы бір тынысымның ашылғанындай. Қаламы құрышты жалынды жастар, сөз қадірін түсінер - елдің ертеңі. "Өнер алды қызыл тіл" деп жырлап кеткен байырғының сөз майталмандары бүгіндері арамыздан табылары сөзсіз. Бүгінгі нарықтық заманда өрге басар дарынды жастардың пікірлес, ой бөлісер қатарластарын табуына мүмкіндік туғызып отырған массагеттей ұлттық порталдар көбейе берсін демекпін. Көбейіп қана қоймай, блогерлердің арасынан болашағы зор, небір майталман ақындар мен жазушылардың қаламдары ұштала берсін.  

Суретте, Қызылжар өңірінің бойтұмары. Қалпына келтірілген Абылайхан резиденциясының маңына қойылған Абылай ханның мүсіні.