Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Гүлнәр Оразымбетова продюсер іздеп жүр

Гүлнәр Оразымбетова продюсер іздеп жүр

Гүлнәр Оразымбетова продюсер іздеп жүр

Сахна төрінен 3 жылдан аса көрінбей кеткен әнші Гүлнәр Оразымбетованың шығармашылық өмірінде жаңалық атаулы жетерлік.

Әнші үйде бос отырмай, 15 әннен тұратын «Сағыныш» атты күйтабағын шығарып үлгеріпті. Ол еліміздің табиғаты көркем Шарын шатқалында түсірілген. Бұған қоса, еліміздің тәуелсіздігіне арналған әнге  бейнебаян түсірген екен.

Ең басты жаңалық – әнші өзіне кәсіби продюсер іздеп жүр. Әншінің қоятын талаптарына назар аударайық.

«Әдеттегідей қанша концерт беріп, соның пайыздарын алатындай жүйе болмайды. Менің  продюсерім  арнайы ресми жалақы алып отырады. Себебі күйеуімнің Парламент Мәжілісіне депутат болып сайлануына байланысты, мен  көбінесе үй шаруашылығы мен бала тәрбиесімен айналысамын. Кейбір күндері менің  үйде отыратын сәттерім де болып қалуы мүмкін», - деп әнші Гүлнәр Оразымбетова отбасы мәселесі бірінші кезекте тұратынын жасырмады.

Гүлнәрдің жеке пікірі бойынша, елімізде үлгі тұтатын продюсер ретінде Баян Есентаеваны құрметтейді екен.     

«Елімізде Баян сияқты өзінің жұмысын нақты білетін продюсерлер көп болса, жақсы болатын еді. Менің арманым – осындай продюсерге жолығу. Дегенмен Баянның өзіне барған жоқпын, себебі ол бүгінгі таңда тек қана жас әншілермен жұмыс істейді», - деп Гүлнәр Оразымбетова талабынан танбайтынын жеткізді.

http://1tv.kz/kk/news/culture/27022012/orazymbetova

4839 13
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 02 сәуір 2012, 10:44
Пікірлер
+0
02 сәуір 2012, 11:54

Гүлнұр Оразымбетова ғой! Аралдан шыққан әнші! Өзгешелігі бар! :P

+0
02 сәуір 2012, 12:37

Міндетті түрде күйеуінің депутат екенін айтып өту қажет пе еді? :|

+0
02 сәуір 2012, 16:02

менде соны ойлап отырмын :x (папасы да соны мақтан тұтып жүреді үнемі, қызының қылығына ұялмайма одан да)

+0
02 сәуір 2012, 12:46

Негізі Мөлдір Әуелбекековаға обал болды! Оғанда продюссер керек шығар :!:

+0
02 сәуір 2012, 16:28

Игіт, негізі ойымыз бір екен, мені де сол Мөлдір уайымдатып жүр, енді не болады екен :?:

+0
02 сәуір 2012, 16:40

Негізі өзі кінәлі дейді гой біреулер. Ана бала асырайды, ал баласы анасын тастап кетеді, сол сияқты ма :?:

+0
02 сәуір 2012, 16:47

Дәл киносындағыдай жағдай екен! Бірақ Баянның "незаменимых нет" дегеніне қарағанда, екінші оны маңына жолатпайтын сияқты :!:

+0
02 сәуір 2012, 17:03

жолатпайды ғой, Мы в ответе за тех, кого приручили :? бұл жерде бірақ нәрсені ұқтым, біздің елде талант екінші орында, қаншама өнерлі адамдар консерватория, өнер академиясын оқып шығып жатыр, ал сахнада көбіне қайдағы жоқтар, бірақ өте пысықтар))))))))

+0
02 сәуір 2012, 12:51

Танылып қойған адамдарға да продюссер кере пе? :roll:

+0
02 сәуір 2012, 14:47

Сондай керемет атақты емес қой? шықты да неше жыл жоғалып кетті көрінбей

+0
02 сәуір 2012, 14:48

Соны айтамын да. Оның бар-жоғы білінбей де қалды :|

+0
02 сәуір 2012, 15:10

Гүлнәр Оразымбетова деген жаңа әнші шықты ма десем)

+0
02 сәуір 2012, 16:38

Қорқыт қобыз деген бір әнін біледі екем.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев