хадис

хадис
жеке
блог

Ассалямуалейкум, достар!! Менің есімім Фариза. Қарағанды қаласынан боламын.Сіздермен бірге оқыған хадистеріммен бөліскім келеді.

  «Шын мәнінде амалдар тек қана ниеттерге байланысты. Әркімнің ниеті қандай болса, табысы да сол. Кімде-кімнің хижраты, Аллаһ пен елшісі (ризалығы) үшін болса, оның хижраты Аллаһ пен елшісі үшін жасалған болады. Ал, кімде-кім дүниеге қол жеткізу үшін, не болмаса қандайда бір әйелге үйлену үшін хижрат жасаса, оның хижраты да сол көздеген мақсатта болады»

  «Дүниелік мүмкіндіктер (денсаулық, байлық, атақ-даңқ, мақам-мәнсап және т.б.) тұрғысынан алғанда өздеріңнен жоғары (үстем) болғандарға емес, төмен болғандарға қараңдар. Өйткені бұл (ұстаным) сендерді Аллаһтың берген нығметтерін азсынудан сақтайтын ең жақсы ұстаным»

  «Аллаһтан қорқыңдар, еш уақытта тақуалық шеңберінен шықпаңдар! Бес уақыт намаздарыңды оқып, Рамазан айының оразасын ұстаңдар! Дүние-мүліктеріңнің зекетін беріңдер! Басшыларыңа бойұсыныңдар! Осы айтылғандарды бұлжытпай орындайтын болсаңдар сөзсіз Раббыларыңның жәннатына кіресіңдер»