ДҮРСІЛДЕГЕН ЖҮРЕК
жеке
блог

ДҮРСІЛДЕГЕН ЖҮРЕК

    Дүрсілдеген ең керемет мотор – көкірегіміздің сол жағында орналасақан жүрегіңіз. Жүрегіміз ерекше жүйесімен, тоқтаусыз соғумен тәулігіне денеміздегі қанды 1000 рет толық айналдырып отырады. Жүрек бір сағатта орташа көлемді машинаны 1 метр жоғары көтеретіндей қуат бөліп шығарады. Жүректің қанды айдаған кезде қолданатын күші өте қуатты. Осы күш арқылы қанды 3 метр жоғарыға ытқыта алады. Жүректің ең бір ерекше қасиеті – тоқтамастан, шаршамастан өмір бойы жұмыс істеуі. Осы тұрғыдан алғанда, дүниедегі тоқтамай, демалыссыз жұмыс істейтін жалғыз мотор деуге болады. Жүрек шамамен минутына 70 рет, бір жылда 37 миллионнан астам рет соғып, үнемі қозғалыстыа болатын жалғыз ағза. Орта есеппен алғанда адамның өмірі 2,5 миллард рет соға отырып, 300 миллиондай қанды айдайды. Ұйықтап жатқан уақыттың өзінде жүрегіміз сағатына 340 литр қан айдайды екен.

   Алақаныңызды қанша рет тоқтатпастан ашып, жұмып тұра аласыз? Алақаныңыз бірнеше минуттан кейін-ақ шаршап, бұл әрекетіңізді тоқтатуға мәжбүр боласыз. Ал енді өмір бойы жүрегіңізді бір мезет тоқтатпастан, денеміздің түкпір-түкпіріне сағатына жүздеген литр қанды айдатқызып тұрған қандай күш? Тағы да кездейсоқтық па? Жоқ әлде...

"КҮНТІЗБЕ-2010", - Алматы: "Көкжиек-Б" баспасы, 2010 жыл.