Таксидегі әңгіме-2 немесе Төрт әйел алу мәселесі

Таксидегі әңгіме-2 немесе Төрт әйел алу мәселесі
жеке
блог

Таксидегі әңгіменің бірінші бөлімі мына жерде. Таңертең таксиде келе жатып, жүргізуші мен жолаушының әңгімесіне куә болдым.

Жүргізуші:
- Менің көршімнің 4 әйелі бар! (қолын шошайтады)
Жолаушы:
- Әлхамдуллила!
- Былтыр қаңтарда төртінші әйелін алды!
- Әлхамдуллила!
- Төртеуі қандай тату десеңші!
- Әлхамдуллила!
- Төрт әйелі бар ғой көшеге шыққанда қолдарынан ұстасып жүреді. Өзім бірнеше рет байқағам. Қандай тату десеңші!
- Машаллах!
- Былтыр түскен әйелінен бала бар ма, жоқ па білмедім. Бірақ әр әйелінен екі баладан, үш баладан бар.
- Машаллах!
- Балалары ауласында ойнап жүреді. Сосын бар ғой, ешқашан қақпаларын жаппайды ғой.
- Әлхамдуллила!
- Мұсылмандарда бар екен ғой, қақпаны ашып қояды. Елдер кірсін, көрсін деп.
- Ия, ия, машаллах!
- Алдында бір имам сөйлеп отыр теледидарда. Оның да 4 әйелі бар екен, солардан 7 баласы бар.
- Әлхамдуллила!
- Сөйтіп диктор сұрап жатыр да қазіргі кезде 2 баланы асырай алмайтындар жүр. 7 баланы асырау қиынға түспей ме?- деп
- Ия, ия.
- Сөйтіп, имам айтады: «Жеңіл нар жатақ келеді» деп. Яғни, жүгің жеңіл болса ерініп, жата бересің. Бала-шағаң көп болған сайын солардың қамымен еңбектенуге тырысасың.
- Әлхамдуллила!
- Мысалы, біз отбасымызда 8 ағайындымыз.
- Машалла!
- Құдайға шүкір, бәріміз жеттік, ішіп кеткен жоқпыз, аман-есен аяққа тұрдық. (Осы кезде маған ой келді, сол 8 баланы бұрын бір анаға ғана табатын еді ғой)
- Машалла!
- Жалпы Ислам деген таза ғой. Исламда айтқан екен «Кітабы жоқтан қорық!» деп. Орыстардан қорықпау керек, оларда библия бар. Басқа да діндердің кітаптары бар. Бірақ мына қытайдан қорқу керек. Олар тасқа табынады. Солардан қорқыуымыз керек. (Жап-жақсы әңгімені осылай құртады ғой (((( )
- Ия, ия.
- Өзің үйленгенсің бе?
- Ия, 18 жастағы қызым бар бірінші әйелімнен.
- А, сенің де тоқалың бар ма?
- Жоқ, онымен ажырасып кеткем. Осы 4 жыл бұрын тағы үйлендім. Әйелім өзімнен 14 жас кіші.
- Аа, жақсы ғой. Негізі Исламда 13 жас қой. Бірақ дұрыс, ештеңе жоқ. Асаналі Әшімов мысалы, әйелі өзінен қаншама жас кіші. Тұңғышбай Жаманқұловтың да әйелі 25 жас кіші ғой өзінен, өзінің студенткасын алып отыр.
- Жас болған соң қиындықтар болды. Қазір үйрендік. Орамал тағады. Тағы бір қызым бар одан.
- Дұрыс. Дұрыс. Қыздарға жағдайы жақсы жігіт болса 2-3 әйел болып тиіп алу керек. Жасы үлкен, анау-мынау деген бос әңгіме.
- Ия, қазір отыздан асып, байсыз бала тауып алғандар көп. Мен де 18 жасар қызыма айтамын, оқуды да оқы. Бірақ сенің міндетің болашақ жар, ана болатыныңды ұмытпа деп ескертіп отырамын.
- Әрине. Дұрыс қой. Қазіргі кезде әйелдер тым ерке болып кеткен, көлік айдайды. Бұзылса соны жөндей де алмайды ғой.
- Сол Исламда бәрі табиғатпен байланысты ғой. Табиғаттың балансын бұзбау керек. Әр кім, әр нәрсенің өз орны, өз міндеті бар.

Біреулер жай лепіреді, ал біреулер 4 әйел алып, көбейіп жатыр, ағайын...