Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Әсерлі жазбадан соң...

Әсерлі жазбадан соң...

Әсерлі жазбадан соң...

 

Миканың жазбасынан соң ойымнан бір нәрсе кетпей-ақ қойды. Содан соң  ең сүйікті кітабымның санатындағы Шыңғыс Айтматов пен Мұхтар Шахановтың сыр-сұхбатынан құралған "Құз басындағы аңшының зары"(Ғасыр айрығындағы сырласу) кітабын сөремнен ақтарып тауып алдым да,  содан үзінді жазғым келді. Пәлсафалық ойларға, талант пен білімге негізделе отырып жазылған бұл кітапты бәлкім оқымаған адам аз шығар...

         Айтматов. Ылғи да түс көремін. Не ғажабы бар екенін қайдам, кірпігім айқасса бітті, алуан түрлі түстер қамауға алады. Таң алдында бірде қуанып, бірде мұңайып оянамын. Қуанатыным - заманында тірліктің ащы-тұщысын қатар татқан, көңіл көгінде жұлдыздай жанған аяулы адамдарды көремін. Кейде түсіме өзім араласпаған, бірақ сырттай сыры-қырына қаныққан үлкен тұлғалар да кіреді. Тірі жанға тіс ашпайтын құпияларымды кейде соларға ақтарып жатамын. Жасыратыны жоқ, бір-екі рет дәрігерге де қаралғаным бар. Олардың пікірінше, артық, кем ештеңе жоқ, бәрі дұп-дұрыс. Көзім сәл ілінсе, сан түрлі оқиғалар мен елестердің ішіне қайта енемін де кетемін...

         Шаханов. Шіке, дәрігер болмасам да айтайын, мұнда бас қатыратын дәнеме жоқ. Байқауымша, бұл қиял мен әсердің ұшқырлығына, кең ауқымдылығына байланысты жай болса керек. Және сәл-пәл қорқытып та қояйын...Бәлкім түс көруден тыйылсаңыз, қазіргі деңгейдегідей жазушы болмай қалуыңыз әбден мүмкін...

         Ал аспаннан жұлдыз ақты деп жатамыз. Өшкен жұлдыздың ең соңғы таратқан жарығының өзі жерге миллиондаған жыл жүріп жетеді екен. Жердегі адамдардың кейбірі бақи тірлікпен қоштасқан соң, тірілердің санасында сол жұлдыздардай жарқырап, сәуле шашып тұрмақ. Бұл күнде көбі көз көрмес, қол жетпеске кеткен жұлдыз тұлғалар Сізге болмыс пен сананың көзге көрінбес ұшқыр сәулелері арқылы түсіңізге енетін шығар. Өздері үлгере алмаған қабырғалы істі, өмірдің бұралаң жолдарында сан соқтырып кеткен кейбір арман-тілегін Сіз орындасын деп, аян беретін болар.

         Айтматов. Сөзіңде әзіл ұшқыны жатқанымен, дұрыс пайымдап отырсың. "Илиада" мен "Одиссеяны" жазған Гомер хақында грек ойшылы Платон: "Бұл ақын бүкіл Элладаны тәрбиеледі", - деген екен. Ұлылар - елдің ұстазы. Егер олардың игі ықпалы болмаса, біздің тағдырымыз, бәлкім, сәл де болса басқаша қалыптасар ма еді, кім білсін?... 

Пы.Сы. Сіздерге ұнаса, тағы да қызықты тақырыпта жазылған жерлерін жариялап тұрам.

          

8
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 29 наурыз 2012, 22:54
Тегтер: Айтматов, Шаханов, жазба

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.