Алтын ұям!

Алтын ұям!
жеке
блог

Сәлеметсіздерме МАССАГЕТТІК оқырмандар! Мен МАССАГЕТТІҢ тұрақты оқырманымын. Биыл 10 сыныпты аяқтап 11 ге қадам басқалы жүрмін. Яғни 2016 жылғы Жас түлекпін бұйырса! Әне - міне дегенше демалыстың біразы өтіп кетті. Енді бір айдан соң жаңа сезіммен, құлшыныспен, мектептен кеткіміз келмейтін қимастық пен және ҰБТ - дан жоғарғы көрсеткішке жетеміз деген сеніммен бастысы болашаққа деген ұмтылыспен мектеп табалдырығын 11 сынып болып аттаймыз. Өзімде бір жаңаша сезімде жүрмін. Мектепті қимаймын, құрбыларымды, апайларымды қимаймын. Тіптен кеткім келмей қалды.

Ал енді мектептегі қызықты сәттерді сіздермен бөлісе отырсам:

Міне, бұл Меркі ауданындағы №1 орта мектеп. Біршама уақыт бұрын бұл мектепте 1500 шамасындағы оқушылар білім алған, осы жақында мектебіміздің тұсынан жаңа гимназия мектебі бой көтеріп біраз ұстаздар мен оқушылар сол жақа табан тіреді. Қазір біздің алтын ұяда 720 оқушы білім алады.

Бұл біздің сынып. 9 сыныпты бітіп емтиханнан соң естелік үшін түскен сурет. Сыныбымда 26 оқушы және сынып жетекшіміз бар. Оның 10 ұл, 16 қыз балалар. Мектептегі ең бұзық сыныппыз мұғалімдерден ылғи ұрыс еститін сынып, тіптен бірнеше рет директорға да кіріп шыққанбыз. Дегенменде, қаншалықты бұзық сынып болғанымызбен мектептегі қоғамдық жұмыстарға аудандық, облыстық, республикалық байқауларға шығатын біздің сынып. Ең танымал десем де болады. Осынымыз үшінде біздің қаншалықты жасаған жаман әрекеттеріміз кешірімді.

Ең алғаш 7 сынып па әлде 8 сыныпта ма кәріс халқының образына ендік. Ортадағы қыз байқауға қатысушы.

Одан соң татар халқы болдық. Мұнда үш суретте тұрған да мен деп мақтанып қояйыншы.

Айналып жүріп әйтеуір өзімізді таптық)))

Бұдан соң да қоймай қуыршақ кейпіне ендік.

Жаңа жылда балалардың көңілін табу үшін не бір ертегі кейіпкері де болдық. (Буратино кейпіндегі мен)

Санта Клаус қыздары болып би де биледік.

Қазақтың ерке, сұлу қыздары))

Бұл 9 - сынып. Мектеп ішілік "Сапта жүріп ән айту" "Алау" байқауында бас жүлдеге қол жеткізіп, кубокты қоржынға салдық. 

Бұл аудандық "Алау" бұл жерден 2 - орын иелендік. Мұнда тапқан олжамыз сағат болды.

Аудандық "Жігіт сұлтаны" 1 - орын. Осы байқаудан соң қуанышымыз қойнымызға симай қуған сәттеріміз де болған.

Бұл арулар менің бірге туған әпке - сіңілдерім десем де болады. Тағы бір айта кетерлігі біз мектепте бұрынғыша форма киеміз. Бұл да болса біздің бір ерекшелігіміз деп білемін себебі, мектепте біз секілді форма киетіндер көп емес.

Бұл 9 - сыныпты бітіріп, емтихандарды аяқтап болған соң бір демалған түріміз. Сыныппен тауға шықтық.

Бұл 8 - наурыз мерекесінде әпкейімізді құтықтадық, шағын концерттік бағдарлама көрсеттік.

Есесіне барлығымыз гүлді, сыйлықты болып қалдық. Ұлдардың бізге жасаған сыйлығы. (16 қыз деп еді біразы жоқ қой деп ойлаған шығарсыздар, жоғарыда айтып өткендей біздікілерсіз бір де бір іс - шара өтпейді, қалған қыздар сол іс - шараларда жүр)

Бұл біздің алгебра сабағындағы болатын көрініс. Мектеп кезінде алгебра пәнін сүйіп оқитындар "Қызыл Кітапта" шығар деп білемін. Біздің сыныпта алгебра пәнін сүйіп оқитындар да көп емес. (бос тұрған орында мен отырамын, тұрып тұрған қыз көршім әрі жан жолдасым) осы суретті көргенде құрбымның мамасының "сендер сабақта емес массовый гуляниеде" жүрсіңдер ғой деген сөзі бар еді.

Міне, мен "Ботаники" орнында отырамын. 

Бұл 8 - сыныпта. "Ғылымға қадам" атты конференсиядан бас жүлдені жеңіп "Жас ғалым" болып тұрған кезім. Жанымдағы менің жан құрбым. Есімі Асылай. Мектепте де партада да біргеміз, үйімізде іргелес. Мектепке бірге барып бірге келеміз, содан соң ба арамыз етене жақын болып кетті. Бір күндік болған жайтты айтып отырмасақ болмайды. Бірақ, сыныптағы қыздардан бөлінетініміз жоқ "Бәріміз біріміз үшін" деген қағидамен жүреміз. 

Бұл 10 сынып аяқталар шақта. (бос тұрған орын менікі) Жанымда Айгүл деген сұлу отыр.

Бұл соңғы қоңыраудан соң. Барлығымыз бір - бір мақтау қағаздарымен мадақталып мәз болып отырмыз. Және де мен үшін маңызды күн 25 - мамыр менің дүниеге келген күнім. (қолымдағы шарлардың себебі сол)

10 - сыныпты бітіргенімізге сене алмай бәрі бітсе де мектептен кетпей жүрміз))) (Жанымдағы қыз Айгүл, бала кезден бірге өсіп келеміз).

Міне, бұл менің сүйікті сыныбым. Қаншалықты бұзы болып, тәртіп бұзып жатса да мен сыныптастарымның әрбірінің болашағы жарқын жандар екенін білемін. Ертеңгі күні Қазақстанның атын әлемге танытатын жандар да менің сыныбымнан шығуы ғажап емес. Себебі олар соған лайықты. Әр қайсысы мен үшін жеке тұлға.

(Көпке созды деп сөге көрмессіздер. Мектепке деген, сыныбыма деген сағынышымды біреумен бөлісуді жөн көрдім.  Әйтпесе ішіме сияр емес)

Р/сы: Құрметті МАССГЕТтік оқушылар сыныптастарымызбен әр күнімізді қызықты етіп өткізуге тырсайықшы. Себебі, алтын ұядан ұшқан соң мектептегі қызықты сәттерімізді қайтара алмаймыз.