Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Желілік маркетинг арқылы баюға болама?

Желілік маркетинг арқылы баюға болама?

 Желілік маркетинг арқылы баюға болама?

     Желілік маркетингтің не екендігі туралы жете тоқталып айтпасақ та, бұл жүйе туралы бүгінде бәрі біледі, біліп қана қоймай олардың дистрибьюторларымен ұшыраспағандар қатары жоқ та шығар. Дәл осы қағида бойынша  Orifiame, Avon, Mary Kay, QuestNet, Anway сынды әлемге танымал компаниялар жұмыс істейді. Тіпті Қазақстандық тұңғыш ақпараттық компания "FG- invest" туралы хабардар боларсыздар.

    Бұлардың әрқайсысының өзінше жұмыс істеу жобасы мен шарттары бар. Барлығына ортақ : компанияға тіркелу үшін адамның жасына , мамандығына, біліміне ( дипломы бар ма, жоқ па маңызды емес) қарамайды. Яғни, кез - келген адам тіркеліп, бизнеспен айналыса алады. Қазір желілік маркетингтің қосымша жұмыс істеп, жыртығын жамап, нәпақасын тапқысы келетін студент жастардың арасында шарықтап тұрған шағы. Оған қоса алыс ауылдағы апа-жеңгелеріміздің негізгі табыс көзіне айналып отыр. Еңбектеген баладан еңкейген қарттарға дейін танымал болып кетті десек артық айтқандық емес.

    Естуімше, Тәжікістан, Әзірбайжан мемлекеттерінде желілік маркетингпен айналысуға тыйым салып, тіпті кейбір елдерде ислам ғұламалары «QuestNet» маркетингін харам деп таныған көрінеді. Ал біздің елде осы желілік маркетинг соңғы он жылдан бері кең етек алып келеді. 

  Маркетингке шақырудың түрлі амалдары бар. Адам бұл желілік маркетингке көбіне таныстарын шақырады. Онда да алуан  түрлі айлалармен. Жұмыс іздеп жүрген кездерімде өз басымнан талай рет өтті, шынымды айтсам "жұмыс істегің келе ме?" деген адамдарға үрке қарайтын болдым.  "Холодный контакт" деген де  түрі бар: көшеде өтіп бара жатқан адамды тоқтатып алады да, компания туралы ақпарат береді  немесе көшелерге хабарландыру іліп, сол бойынша хабарласқан бейтанысты копанияның кеңсесіне алдап шақырады.  Сонымен танысы шақырып отырған соң, әлгі адам айтылған жерге қызығушылықпен келе қалады. Осы кезде шақырып отырған кісі өзінен жоғары тұрған лидерлердің біреуіне осындай уақытта, осындай жерге келе қал, екеуміз кездейсоқ кездескен болып шақырған жаңа адамыма жұмысты тағы да түсіндіріп бер деп ескертеді. Екеуі кездесіп, әңгімелесіп отырған кезде, алдын ала ескертілген әлгі лидер кездейсоқ келе қалады. Сөйтіп лидер екеуі кездейсоқ кездескен болады да, шақырылған адамға: «Айтпақшы, мына кісі де осы компанияда жұмыс істейді. Көптеген жетістіктерге жеткен» деп әңгіменің бағытын осы маркетингке бұрады. Сол кезде әлгі лидер шақырылған адамды әбден қызықтырады. Өзінің кезінде ақшасыз жүргендігін, осы жұмысты тапқаннан кейін автокөлік алғандыған т.б. материалдық тұрғыдан қол жеткізген жетістіктерін майын тамызып айтып береді. Басыңызды айналдыратын осындай әңгімеден кейін «жоқ» деп отырған сіз  керексіз қымбат затқа қалай тапсырыс беріп, компанияға қалай тіркеліп кеткеніңізді білмей қаласыз. Сізге таныс жағдай ма? Мен де осылай бір желілік маркетингтің қақпанына аңқаулықпен түсіп қалғанмын.

      Адам психологиясына зор ықпалы бар осындай түрлі тәсілдер мен айлалардың әсерінен барын сатып немесе таныстарына қарызға батып,банктен несие алып,  жер сипап қалғандар қатары  жетерлік. Құрбыларымның осындай жағдайға тап болып, тығырықтан шыға алмай, көз жастарын көл қылып жүргендерінің куәгері болып та жүрмін. Керсінше, желілік маркетинг арқылы өз армандарын іске асырып, үлкен жетістіктерге жетіп, ақшаны күреп тауып жүргендер де жоқ емес. Мұны қалай түсінеміз? Жалпы желілік маркетинг арқылы баюға бола ма? Әй, қайдааам!?...

 





0
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 29 наурыз 2012, 16:15
Тегтер: желілік маркетинг, ақша, баю

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.