Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Анама ұнаса болғаны...

Анама ұнаса болғаны...

Анама ұнаса болғаны...

Алдыңғы аптада ғана өткен «Блогкэмп-2012» көптеген Интернет қолданушыларының басын қосып, виртуалда жүрген достардың реалда көрісуіне себеп болды.

Интернет – әр адамның жеке өміріндей болып кетті. Интернетте әркім түрлі никтермен бүркеніп, әр-алуан тақырыпта пікір қозғайды. Осы күні 24 сағат интернетке үңілген балаларының қызығушылығына ата-аналары қалай қарайды екен? Жалпы блог жазатынын анасы біле ме екен? Осы жайлы блогшылардан сұрап көрдік.

Жансая. Интернеттегі лақап аты - Zhan
"Блог жазатынымды анам білмейді. Айтқан күнімде де ол қарсы болмайды. Қандай тақырыпты көтерсем де, ол менің шығармашылығыма қарсы емес"

Жалғас. Интернеттегі лақап аты - e_zhalgas
"Менің анамнан бұрын әкем блогтарымды оқып тұрады. Кейде «Сенің ана тақырыбынды, мына тақырыбынды оқыдым» деп айтып отырады."

Димаш. Интернеттегі лақап аты - qisyq
"Анам блог жазатынымды біледі. Қандай сайттармен айналысатынымнан хабардар. Бірақ толықтай отырып, бақылап жүр деп айта алмаймын."

Тимур. Интернеттегі лақап аттары: timurrr, timusha
"Анам білмейді деп ойлаймын. Ата-анам ауылдағы, үлкен кісілер, немерелері бар. Тосын сұрақ, ауылға барған соң міндетті түрде көрсетемін деп ойлаймын."

Айгерім. Интернеттегі лақап аты: AKY
"Мен бәлендей блог жазбаймын ғой. Жалпы анам интернетте жүретінімді біледі. Былтыр Алматыға Блогкэмпке барғанымды, бірақ толық түсінбейтін сияқты не істеп жүргенімді."

Айжан. Интернеттегі лақап аты: Aikona
"Анам да, әкем де блог жазатынымды біледі. Басында «Ол не?» деген сұрақтар көп болатын. Қазіргі кезде түсінді. Кейде ақпараттық блогтар жазғанымда «Сен ана тақырыпты қозғаушы едің ғой, соны неге жазбайсың?» деген сияқты ұсыныстарын, идея білдіріп жатады." 

Роза. Интернеттегі лақап аты: Rozatai
"Анам интернеттен алыс адам болғандықтан толыққанды түсінбейді, бірақ бірдеңе жазатынымды біледі. Былтыр ғылыми конференцияда блогосфераға қатысты қорғаған жобам үшін мақтау қағазын алғаннан бері жақсы нәрсемен айналысып жүр-ау деп, сенімдері арта түсті."

Маржан. Интернеттегі лақап аты: Madlen
Анам блог жазатынымды білмейді. Мысалы, Астанаға жұмыспен кеттім деп айттым. Себебі олар түсінбейді.

Ернар. Интернеттегі лақап аты: Patiсk
"Былайша айтқанда «курста». Интернеттегі отыратынымды біледі, блог дегенді де менің айтуымнан біраз хабардар. Жалпы sms жаза алмайтын адамға интернет мүлде қызық емес қой )"

Айжан. Интернеттегі лақап аты: Aizhan Kerbez
"Жалпы ата-анам блог жазатынымды біледі. Бірақ анам онша оқымайды. Үлкен әпкем оқиды, әрдайым пікірлер жазады. Ал әкем ұдайы не жазатынымды қарап отырады."

Елдар. Интернеттегі лақап аты: e_sheber, web_sheber
"Анам блог жазатынымды білмейді. Түсінбейді да, бірақ негізі білгенін қалар едім." 

Назира. Интернеттегі лақап аты: estetika_91
"Көбі енді интернетті Мой Мир, агент деп ойлайды ғой. Анам да басында солай түсінбей жүрді. Бірақ кейін блог жайлы бәрін түсіндірдім, өзімнің де жазатынымды, біреулер оқитынын айттым. Қазір түсінеді, бірақ көп қарайды деп айта алмаймын. Анда-санда өзі келгенде көрсетіп тұрамын, бірақ барлық постарымды емес ))) Менің атымды көріп, суретімді көріп қуанып қалады."

 

Эльвира. Интернеттегі лақап аты: Aikarakoz
"Анама интернет дегеннің өзі түсініксіз нәрсе. Менің анам үлкен кісі, әже, немерелері бар. Әпкелеріме блогтарым жайлы айтамын, бірақ көп қызықпайды."

Анар. Интернеттегі лақап аты: Gulstan
"Достарым ғана біледі. Ешкім, ештеңе білмейді. Ата-анама менің интернеттегі өмірім қызық емес."

Ербол. Интернеттегі лақап аты yerbol_89
"Анам блог жазатынымды білмейді. Бірақ сайт жасайтынымды біледі. Блогтағы жазған постарымды көрсе талып қалатын шығар ))) Анам қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі. Негізі электронды түрде жазғаннан гөрі қолыма қалам алып, параққа жазғанды жақсы көремін."

Жансая. Интернеттегі лақап аты: zhannin_sayasi
"Анам әрине біледі. Бірақ ол кісі интернетте отырмайды. Сондықтан жазбаларымды оқымайды. Алайда күнде өзім ауызша не жазғанымды баяндап отырамын, өзі де сұрап отырады."

Абылай. Интернеттегі лақап аты: abylai
"Жақында блог жазатынымды айттым. Сол Блогкэмпке бара жатырмын, жаңа медиа жайлы, не екенін түсіндірдім. Енді біледі. Барып кел, көріп кел деп, қуанып қалды."

Суреттер Блогкэмп турасында салынған дереккөздерден алынды.
 

Рейтинг: +0

Автор: Anara Mustafina
Жазылған уақыты: 28 наурыз 2012, 23:10
Тегтер: Блогкэмп, blogcamp, қазақ блоггерлері
Пікірлер
+0
29 наурыз 2012, 00:05

көбісінің мамалары білмейді екен ғой :D

+0
29 наурыз 2012, 00:12

Иә, бәрі құпия түрде :D

+0
29 наурыз 2012, 00:17

Біздікілер де білмейді:))) Білсе оңдырмайды :lol: :lol: :lol:

+0
29 наурыз 2012, 00:19

Айтқандай, Абылай техникалық блогтардың мастері :) Красапшег :) Анараға мейрімді жүзі бекер ұнамаған болып тұр ғой :D

+0
26 ақпан 2013, 15:22

епті ау, бұл қай сасқаның? :lol:

+0
29 наурыз 2012, 00:29

ал мен былтырғы блогкемпті қоғамдық жұмыс деп түсіндіргем. и то айтпас едім "Ұлан" газетіндегі общий суреттен көріп қалып, газетті сақтап қойыпты, үйге барғанда алдыма тартты емес пе:lol: :lol: :lol: :lol:

+0
29 наурыз 2012, 10:13

Ұланға шықтық па не? :)

+0
29 наурыз 2012, 13:18

Иә, қателеспесем, Әйгерім Бегімбет жазған мақала болуы керек. Ол жерде негізінен ТалғатЖЕз туралы, бірақ общий сюретке кетіп қаппыз :lol:

+0
29 наурыз 2012, 00:31

сонда, бұл қалай өзі, тек қана осымен айналысасыздар ма? негізгі жұмыстарыңыз осы да? кешірім сұраймын бейхабар екем блогерлар әлемінен(((((((

+0
29 наурыз 2012, 01:06

24 сағат блогтарда отыру үшін қандай жұмыс істеу керек деп ойлайсың? :D

+0
29 наурыз 2012, 08:14

Жеке меншік жерде Программист болыңыз, әрдайым қолыңызз бос, 24 сағат интернетте отырасыз :lol: :lol: :lol:

+0
29 наурыз 2012, 09:24

білмеймін, мүмкін тілші бір журнал\газетте?

+0
02 сәуір 2012, 15:31

Сәния, блогшылар әртүрлі салада жұмыс істейді. Блог жазу үшін жай ғана интернет болса болғаны. :)

+0
02 сәуір 2012, 15:41

рақмет, Анарка, енді түсіндім))))))))

+0
02 сәуір 2012, 15:43

Сәния, көптеп талқыланған блогыңды неге өшірі тастадың? :(

+0
02 сәуір 2012, 15:51

бір түрлі болып көрінді, сосын ішінде ерігіп отырып жазған әңгімелерімнен ұялып кеттім :(

+0
02 сәуір 2012, 15:57

Сәния, блогыңды неліктен өшірдің? туй жап-жақсы еді.

+0
02 сәуір 2012, 16:02

рақмет, жаным, жазамыз ғой әлі)))))))))))

+0
29 наурыз 2012, 00:41

ақша төлесе, негізгі жұмыс қылуға кетәрі емеспін :lol: :lol: :lol: хихи-хахамен :D
жоқ, әрине. нан табу үшін қосымша қара жұмыс жасауға мәжбүрміз((( қара сақал, мысалы, автомойкада жұмыс жасайд :lol:

+0
29 наурыз 2012, 01:01

муахахахаха:))) өзіңнің KFC-де тазалық бойынша қызметіңді адал өтеп жатқаныңды да ескертіп өт :lol: :lol: :lol:

+0
29 наурыз 2012, 09:27

:lol: :lol: :lol: Джордж онда шы сен айтар едін :lol: :lol: :lol: 24 сағат неге аз, 30 сағаттық күн етейк деп :lol: :lol: :lol:

+0
29 наурыз 2012, 10:19

:lol: :lol: :lol: таппайтының жоқ

+0
29 наурыз 2012, 13:17

:lol: :lol: :lol:

+0
29 наурыз 2012, 01:41

за то тамағым тоқ :lol: :lol:

+0
29 наурыз 2012, 02:32

Расында тосын сұрақ қойыпсын, өте қызық)

+0
29 наурыз 2012, 09:37

мен өзім айтам ;) мамка "рахмет, сертификат беріпТ халқын елеп жүр" екен дегені бартын :lol: былтыр волонтер боп блог кемпте жұмыс жасағаным да :lol: инет деген сұмдық қо деп осы 5-6 жылымд айтумен келем үйдегілерге)))
Тек осы жаздан бастап сестрам инетке келе бастағанда қорқыныш сезім келд, бірден "сыпайы" боп кеткен сияқтамын :lol: :lol: :lol:

+0
29 наурыз 2012, 09:46

Сендер мықтысыңдар ғо, сертификатты көрсетіп жүрген. Менде шкафтың ішіне салулы күйі жатыр :D

+0
29 наурыз 2012, 09:53

хехе , өте қызықты жазба :)

+0
29 наурыз 2012, 10:13

Депрессиядан шығаратын жазба! Анара, респект за антидепрессант! Белсенді блогшыларды массагетте таныстыру идеясы қандай керемет! Ерболдың жауабы ұнады! (Өзі де) (Садық 3-ші жолға кешірші)) :?

+0
29 наурыз 2012, 10:15

Анара осы сұрақты қойғанда, тосылып қалдым. :) Анара, өзің осы сұрағыңның жауабын жаза кетсеңші

+0
29 наурыз 2012, 10:26

ТАЛҒАТЖЕЗДІҢ ЖАУАБЫН ДА БІЛГЕН ҚЫЗЫҚ БОЛАР МА ЕДІІІІІІІІ

+0
29 наурыз 2012, 10:27

Талғат Блогкэмпте зуперзанятой болып кетті. Болмашы нәрсеге бөлуді жөн санамадым )

+0
29 наурыз 2012, 13:24

Талғатқа айтқам, папа-мамаң қуанып жатқан шығар, хабардың жұлдызы болдың десем, олар ештеңе білмейд деген :lol:

+0
30 наурыз 2012, 00:18

ех, Талғат, Талғат! ;) ;) ;)

+0
30 наурыз 2012, 09:51

не болды күрсініп :?

+0
29 наурыз 2012, 10:51

ах, Мадлееен, алдаған екенсің ғо :lol:

+0
02 сәуір 2012, 00:25

алдай салдым :)

+0
29 наурыз 2012, 11:15

болмашы нәрсеге қалай бөлесің))))

+0
29 наурыз 2012, 11:20

Өз анам жайлы айтар болсам, түсте жұмыста болғанымда ноутбугымды ашып, "быстрый запускта" тұрған барлық сайттарға кіріп, оқып тұрады. Оның ішінде менің блогтарымды да. Осы жазбамды да оқуы мүмкін. Мама, сәлееем! :D

+0
29 наурыз 2012, 11:57

Анардың мамасы, сәлем! біз Анарды алып қашайын деп жатырмыз)))

+0
29 наурыз 2012, 12:16

:lol:

+0
29 наурыз 2012, 17:54

Сауалнама күшті шығыпты! Негізі идея жақсы, екінің бірінің ойына келе бермейді мұндай сұрақ!!!!

+0
30 наурыз 2012, 10:07

Жансая, негізі бұны Вокспопули былтыр қысқы Йовиженкада жасаған болатын. Мен енді ондай профессионалды деңгейде жасай алмайтынымды білдім. Сонда да болмасаң да ұқсап бақ істеуге тырыстым. Жалпы алғанда идея менікі емес :oops:

+0
30 наурыз 2012, 00:20

Ақзере, өте жақсы шығыпты пост! Тек менің жауабымда "Блогкэмпте алған мақтау қағазы емес, ғылыми конференцияда блогосфераға қатысты қорғаған жобам үшін жеңіп алған мақтау қағазы" еді. Екі жылда да ештеңе алмағам, ел-жұрттан ұятты, түзетіп қойшы! ;)

+0
30 наурыз 2012, 10:06

Ық-ық, Мика екеуміз Розатай қандай мақтау қағаз алып еді деп бас қатырып едік осы жерде :lol: Мақтау қағаз дегеніңе ия, ия деп бас шұлғи беріппін ғой :D

+0
02 сәуір 2012, 00:34

Суреттер оригинально таңдалыпты :)

+0
26 ақпан 2013, 15:23

Уииии мынаны бір жыл өтіп кеткесін көріп жатырмын :lol:
Кұшті, келесі блогкэмпте кездескенше массагеттіктер!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.