Lido жаңа бейнебаян түсірді

Lido жаңа бейнебаян түсірді
жеке
блог

Танымал әнші таяу арада екінші баласын босанып, ана бақытына бөленген еді. Ол көп ұзамай қайта жұмысына кірісіпті.

Танымал әнші «Махаббат жыры»  атты әніне жаңа бейнебаян түсірді. Бұл әнге арналған жаңа бейнебаянды түсіру жұмысы 3 күнге созылған. Валерий Задарновскийдің режиссерлік шебер қолтаңбасы өз нәтижесін берген тәрізді.

Жаңа бейнебаян қазір пост-продакшн деңгейінде жатыр.  Сюжеттің желісін Lido  әзірше құпия ұстауды жөн көреді. Әншінің айтуы бойынша, жаңа бейнебаян сәуір айының басында эфирге шығады.

Lido  жаңа бейнебаянға бірнеше киім үлгілерін дайындап, түрлі бейнелерді көрсетеді. Отандық шоу-бизнестің  ең сәнқой  әншісі болып танылатын Lido өзінің құрбыларына биылғы маусымның жаңа киім үлгілерін де таныстыратын болды.

«Еуразия»  бірінші арнасы үшін әнші Lido  бейнебаянның алғашқы суреттерін жариялады.

1.jpg2.jpg

3.jpg4.jpg

http://1tv.kz/kk/news/culture/28032012/lido