Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Шоколадтың пайдасы мен зияны

Шоколадтың пайдасы мен зияны

Шоколадтың пайдасы мен зияны

Адамзат баласы шоколад дәмін алғаш татқалы бері осымен екі мың жылдан астам уақыт өтті. Шоколадпен таныстық қазіргі Мексика аумағында басталған.

Ежелгі майя үндістерінің ата-бабасы – ольмек халқы какао дәндерінің ұнтағын шарап немесе сумен араластырып, ваниль, даршын, тіпті қызыл бұрыш секілді дәмдеуіштерді қосатын болған.

Бұл «xocolatl» деп аталған сусынды патшаларға, қадірлі азаматтар мен жоғары дәрежелі дін қызметкерлеріне беріп, құрмет танытатын.

Ал қарапайым адамдар бұл тәттінің дәмін де татпады. Бірнеше ғасырлар бойы шоколад тек таңдаулылардың тағамы боп табылды.

Майя халқы да ата-бабалары секілді бейсбол добына ұқсас какао ағашының жемісін қадір тұтты. Олар бұл жемістерден ащы дәмі бар сусын дайындауды жалғастырды. Алайда ол уақытта «xocolatl» сусыны кеңінен қолданылып, оны патшалар да, қарапайым адамдар да ішетін болды.

Майя жерін жаулап алған испаниялықтар да бұл тәттіден бас тарта алмады. Көп ойланбастан олар сусынды "Theobroma cacao", яғни «құдайлардың азығы» деп атап, оны Еуропаға алып барады. Білімқұмар еуропалықтар ұзақ уақыт бойы бұл таңсық тағамды зерттеп, қасиетін анықтады.

Кейін шоколадпен ауру-сырқаудың бәрін емдейтін болды.

Ал сарай ханымдары біраз уақытқа дейін оны беттеріне жағып, әдемілік үшін пайдаланды.

Алайда уақыт өте келе, Еуропа халқы бұдан гөрі шоколадты жеудің пайдасы мол екенін түсінді.

Жуырда еуропалықтар шоколадтың 500 жылдығын атап өтті. Шоколад жайлы пікірдің өзгергені соншалық, дәрігерлер науқастарға аз мөлшерде шоколад жеудің денсаулық үшін өте пайдалы екенін айтып жүр.

Қорғаныш қасиеті жағынан шоколадтың жасыл алма, қызыл шарап және көк шай секілді бұрыннан белгілі үздік антиоксиданттардан да күшті екені дәлелденді.

Сонымен бірге, бір кесек шоколадтағы калий, кальций, минералды заттар мен дәрумендердің мөлшері бір жасыл алмадағыдан артық.

Тіс дәрігерлерінің «шоколад тіс жегісіне әкеп соғады» деген пікірі де жаңсақ болып шықты. Зерттеулердің нәтижесінде какао майының құрамында антисептиктік әсерге ие заттардың бар екені дәлелденді. Олар эмаль қабатын бүлдіретін бактерияларды өлтіреді.

Шоколадтың құрамына енетін кейбір заттардың әсерінен шоколад жүйкеге оң әсер етеді. Сол себепті, бұл тәттіні жегенде көңіл күйіміз көтеріледі. Зерттеулердің қорытындысына сенсек, америкалық арулардың 18%-ы күйзелістен шоколадтың көмегімен арылады екен.

Десек те, шоколадтың пайдалы қасиеттерімен қатар, зияны да бар екенін ескергеніңіз жөн. Біріншіден, ол өте құнарлы. Шоколадтың азықтық құндылығы сары майдың нәрлілігіне бара-бар. Толықтай дерлік какао майынан тұратын ақ шоколадтың қарасына қарағанда құнарлы екенін ұмытпаңыз.

Шоколадты жеу бет терісіне де әсер етеді. Басқа майлы тәттілер секілді, ол да май бездерінің қызметін күшейтеді. Алайда бұл жеген тәттіңіздің мөлшерімен тығыз байланысты. Көптеген сынақ өткізген ағылшын ғалымдары 4 апта бойы тәулігіне 40 грамм шоколад жегенде оның теріге еш әсер етпейтінін анықтады.

Ал егер күніне 250 грамнан жесеңіз, оның зияны көп болмақ. Сонымен қатар шоколад цитрус жемістері, жаңғақ пен балық секілді аллергия тудыруы мүмкін. Сондықтан дәрігерлер алты жасқа толмаған балаларға шоколад беруге тыйым салады. Жүкті әйелдер мен бала емізетін аналардың да одан бас тартқаны жөн.

Шоколадты қанша мөлшерде жеу туралы қызу дау әлі тоқтаған жоқ. Нақты мөлшері әлі белгісіз. Бірақ барлығы бірнеше текше шоколадтың немесе екі шоколадты кәмпиттің ағзаға еш зияны жоқ деген пікірде.

Дереккөз: potrebitel.ru

12
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 28 наурыз 2012, 14:32
Тегтер: денсаулық. шоколад. пайдасы.

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.