Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Өтініш, ән айтпай-ақ қойшы а.....

Өтініш, ән айтпай-ақ қойшы а.....

Өтініш, ән айтпай-ақ қойшы а.....

«Әу» демейтін қазақ жоқ. Бірақ, бар қазақ «әу» десе де болмайды. «Әу» музыкалық білімі барлардың аузынан шықса, құлаққа жағымды жүрекке жылы тиеді. Ал, әркім аузым бар деп ән айта берсе, ән қадірсізденеді.
Құр айқай бақырған,
Құлаққа ән бе екен?
Өнерсіз шатылған
Кісіге сән бе екен?
Бұл құйынды сөз Құнанбайдың ұлы Абайдікі. Бүгінде көп әншілер әсем әнмен құлақтың құрышын қандырудың орнына, құр айқайымен қос құлақты шыңылдатады. Өнерсіздің өнер иесіміз деп айтуы сәнге айналды. Ақшасын төлеп, гәзет-журналдарға сұхбат беріп атақты болып жүрген әншілер де жетерлік.
«Музыка мен ақындық сөз бір-бірімен жымдаса отырып, жүрекке жылы, ұнамды бірлік жасайды» — дейді В. Асафьев. Ән мен сөз үйлессе ғана тыңдаушының оң бағасын алатынын әншілер білмейтін сияқты қазірде. Көп әндердің сөзі тілі енді шығып келе жатқан баланыңкінен аумайды. Бұл ащы шындық. Бетховен: «Музыка адам жанын жарқындатып жалындатуға тиіс» — дейді. Сөзіне мән бермейтін әншілер ән айтып жүргенде, жанымыз қалай жарқындамақ? Жалындауы тіпті мүмкін емес. Адам әнді ермек үшін емес, рахаттану үшін, демалу үшін, қайғы қасіретін ұмыту үшін тыңдайды. Ал, бүгінгі бақыруықтардың әнін тыңдағанда қайғыңа қайғы қосылып, ашуланып, ызаланасың. Тіпті дауысынан жеркенесің. "Өшіріп тасташы мынаны" деп қасыңдағы адаммен айқайласасың. Сөйтіп, «Ән миллиондардың жүрегін біріктіреді» — деген Бетховеннің сөзі жалғанға айналады. Бүгінгі кей әндер жүректерді біріктірудің орнына, жүректерге іріткі салатыны жасырын емес. Дәлел жоғарыда келтірілді.
«Музыканың үш түрі бар. Біріншісі, жай ғана рахат сезім туғызады, екіншісі құмарлықты, ынтызарлықты білдіреді, үшіншісі біздің қиялмызға бағытталады. Жағымды сезім оятатын музыка демалыс үшін қолданылады, ол бізді жақсы тынықтырады» -дейді Әл-Фараби. Бүгінгі әндердің көбісі осы қағидаға сай емес. Керісінше шаршатады. «Ән адамның жан сезімін оятып, жүректің ең нәзік қылын қозғайды» — дейді А.В Свешников. Жүректің қылын емес, адамның жынын қозғайды қазіргі мәнсіз әндер. Сондықтан, әр әнші айтар әнінің сөзін ақындарға тексертіп, барып айтса екен…

24
Рейтинг: +0

Автор: Berik Sultan
Жазылған уақыты: 28 наурыз 2012, 12:16
Тегтер: Арғынның блогы

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.