Автокөліктерді тіркеу мүмкіндігі

Автокөліктерді тіркеу мүмкіндігі
жеке
блог

Қазіргі таңды автокөліктерді мемлекеттік тіркеу жолдары жеңілдеді. Аталмыш қызмет түрін Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқы алуға болады.

Көлік құралдары  жеке тұлғалардың атына олардың тұрғылықты жері немесе уақытша тіркелген жері бойынша уақытша тұру мерзіміне тіркеледі. Қазіргі таңда бизнес – үдерістерді автоматтандырудың, мемлекеттік органдардың дерекқорлары мен ақпараттық жүйелерін ықпалдастырудың арқасында тұрғындар 2 сағаттың ішінде автоколікті тіркеп, мемлекеттік номірлік белгіні ала алады.

Ол үшін орталыққа мына құжаттарды ұсынуы тиіс. Жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік немесе ҚР азаматының паспорты) және басқа сенімді адамға өкілеттіктерін берген кезде жеке тұлғадан нотариалдық расталған сенімхат, көлік құралының паспорты, салық кодексінде белгіленген баж бен алымдарды толеу туралы түбіртек, салық кодексіне сәйкес салық төлеуші болып табылмайтын адамдар үшін салық төлеуден босату құқығын растайтын құжат.

Толық ақпараттық мәліметтерді, қажетті құжаттар тізілімін электронды үкімет порталы арқылы немесе ақпарат алу үшін жергілікті ХҚКО жүгінуіңізге және 1414 біріңғай байланыс орталығына тегін қоңырау шалуыңызға болады.

Серікбол БЕРІКҚОЖА

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының

баспасөз хатшысы