Кезексөз: Жазғы демалысты қалай өткіземін?
жеке
блог

Кезексөз: Жазғы демалысты қалай өткіземін?

Сәлем, құрметтілерім! Аман-есен жүріп жатсыздар ма? Кезексөздің кезегі маған келіп тұр екен, ендеше бастайын!

Жазғы демалысты бала кезде асыға күтетін едік. Сабақтың бетін көрмей, ойынға кірісіп ойнай беретінбіз. Туыстарымыздың үйіне қыдырып барып, сонда жаңа балдармен танысып, жаңа ойын алып келетінбіз ауылға. Ал қазірі өмір мүлде басқаааа) енді өзіміз қыдырмаймыз, бізгі қыдырып келеді. Мектептен демалысқа шыққан қайындарым мен сіңілдерімді қыдыртып, көңілдерінен табумен өтетін шығар бұл жаз)

- Жаааан, біз осы жаздың бәрін шетелде өткізетін шығармыз, иә. Болмаса бүкіл Қазақстанның әдемі жерлерін аралап шықсақ па екен? Теңізге де бір түсіп көру керек еді, иә?

- Құдай қаласа, бәәәрі болады! Пока кеттік, огород егейік))

Биылғы жаздың біз үшін маңызы ерекше. Өйткені өмірімде алғаш рет өз бақшамда көкөністерді баптап өсіріп жатырмын. Күн сайын соның "арам шөптерін" жұлып, суғарып жүрмін. Біреулер үшін бұл азап жұмыс шығар. Бірақ мен үшін бұл соңғы кездегі ең сүйікті хоббиіме айналды. Жеріміз де құнарлы болып, қондырған көшеттеріміздің бәрі өніп, өсіп келеді. Қазір қызанақтар түйіндеп, қиырлар гүлдеп үлгерді. Арғы жақта болгар бұрышы мен кәді, пияз бен аскөк өсіп келеді. Қазір былтырғыдай көпқабатты үйде тұрмаймыз. Күннің ыстығынан қашып, күні бойы ұйықтап жатушы едік. Кеш бата ғана серуенге шығып, қайта үйге кіретін едік. Қазір "таза" ауылда тұрып жатырмыз. Жер үй болған соң жасайтын тірлік көп. Ауылдан қашатын едік, жанның рахаты екен ғой. "Ауылбайская" болдық. Соның өзіне жұмыс жасап та, өз-өзіме көңіл бөліп те, адамдармен араласып та, қыдырып та үлгеріп жатырмыз. Бастысы - отбасым қасымда.

Биылғы жазда өзімнің әлі әлсіз күйде жүрген аспаздық қырымды дамытпақпын. Интернет аман болса, әлі талай тағамды дайындауды үйреніп алармын. Массагеттен алыстамаймын!

Бала кездегі хоббиім қайта жалғасып жатыр. Үйдегі велосипедтердің қатары көбейіп жақсы болды. Велосипед айдасам миым тынығым, айтарлықтай демалып қаламын. Осыған отырып алып үй жақтың "Тупик-тупик" жерлерін бір шарлап шығамын. Ит үрген кездегі жылдамдығымды көрсеңдер сендер) Биылғы жаздың тағы бір ермегі осы болады.

Айтпақшы, гүлдерім жайлы айтуды ұмытыппын ғой. Бұларға да көңіл мен уақыт бөлу керек.

Жаздың ең маңызды жоспары - жолдасымның жеке кәсібін алға сүйреу. Сол үшін о кісіге таңертеңнен кешке дейін тер төгіп еңбек етуіне тура келеді. Алла соның жемісі мен жеңісін көруге нәсіп етсін. Ал біздің, Бикош балам екеуміздің міндетіміз - папамызға қолымыздан келгенше барлық жайлылықты орнатып, алдынан күліп-еркелеп шығу. Бар жұмысымыз сол-ақ )

Кезексөзді жазға ауыз толтырып айтарлық жоспарлары бар Мика мен Ақтотыға берейінші!