Неге мен?!
жеке
блог

Неге мен?!

                                            Неге мен?

Уимблдон жарысының алғашқы афроамерикандық чемпионы атанған теннис  ойыншысы Артур Эш қан құю кезінде СПИД жұқтырып өлім төсегінде жатқанды. Сонда жанкүйерлерінің біреуі:

-         Осындай ауыр ауру үшін Құдай неліктен ғана сені таңдады?! – деп сұрайды.

Сонда Артур былай деген екен:

-         Күллі дүниеде 50 миллион бала тенниспен қызыға бастайды,5 миллионы теннис ойынын меңгереді,500 мыңы ғана кәсіби теннисші болады, 50 мыңы түрлі сайыстарға қатысады,5 мыңы үлкен жарыстарға дейін жетеді,солардың ішінен 50 шақтысы ғана Уимблдонға кіреді,төртеуі жарты финалға жетсе, екеуі финалда ойнайды. Қолымда чемпиондық кубок болғанда  Құдайға «Неге мен?» деген емеспін.Қазір өлім төсегінде жатып,оған қалайша «Неге мен?» деп айта аламын?