"Кереметтің" не кереметі бар?
жеке
блог

"Кереметтің" не кереметі бар?

 әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде көптеген қолжетімді мүмкіндіктер баршылық. Тіпті, университетіміздің студенттерге қызмет көрсету орталығы да бар. «Керемет» орталығы 2014 жылдың 17 наурызында университет ректоры мен Ғылыми Кеңес шешімімен қолға алынды.

Орталықтың ашылуы да салтанатты түрде өткен болатын. "Керемет" біздің универнситетіміздің тағы бір үлкен жетістігі. Орталық директоры болып Сайран Баяндинова тағайындалған. Сайран ханымның айтуы бойынша мұндай әмбебап орталық Қазақстанда ғана емес, бүкіл ТМД елдері бойынша тұңғыш рет ашылған екен. тіпті, орталығымыз 20 мыңға жуық студент пен 5 мыңдай оқытушы құрамына қызмет көрсететін дәрежеде. Ашылу салтанатында Сайран ханым орталық дами түссе басқа да жоғары оқу орындарының студенттеріне қызмет көрсететін болатындығы туралы мәлімдеді. "Бұл орталық - ректорымыздың идеясы!"

Орталық жалпы 3 қабаттан тұрады. Онда студенттерге ыңғайлы жағдайлар жасалып отырады. Орталық негізінде көптеген жұмыстар атқарылып, студенттер өзіне қажетті  кеңестерін де осы «Кереметтен» алады. Орталығымызда студенттерге түрлі қызметтер көрсетіледі. Мәселен, административті қызметтер, оқу процесін ұйымдастыру қызметі, көңіл – күйді көтеруге арналған ойын – сауық орталығы мен жастар орталығы қызметі, тіпті, диагностикалық орталық қызметі де жұмыс жасайды.