Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бүгін мәдениеттің қарашаңырағы - театр күні!

Бүгін мәдениеттің қарашаңырағы - театр күні!

Бүгін мәдениеттің қарашаңырағы - театр күні!

   Қазіргі таңда халықтың ұлттық салт - дәстүр діңгектерін қатайтудың, адами капиталды нығайтудың басты өзегі - адамның  рухани сұраныстарын қанағаттандыру болып табылатыны ақиқат. Осы орайда жалпы рухани қоректің өзі хас сұлудың көз жасындай саф өнер - театрдан бастау алатындай көрінеді.

   Меніңше, кез - келген саналы адам, саналы ғұмыр кешем деген адам театрға келуі тиіс. Себебі, ұлтымыздың нағыз бейнесі көрініс табатын, мәдениет пен әдебиетті, сұлулық пен көркемдікті  бір арнада ұштастыра білетін  таза өнер - театр өнері деп білемін.

   Бүгінгі күні театрға келушілер қатары қанағаттанарлықсыз. Әсіресе жастарымыз мәдениет ордасына бастарын жиі соға бермейді. Есесіне кинотеатрлардың табалдырығын тоздырып жүргендер саны аз емес. Теарт сахансынан нағыз өмірді көруге болатындығын түсінбейтін жандардың осы әрекеттері көңілге қаяу орнатады.

    Осыдан байқайтынымыз, кинотеатрға кез - келген адам бара береді, ал театрға - жаны сұлу, табиғаты ерекше адамдар ғана аяқ басады. Олай дейтінім, теартдың бір ғана тақырыбы бар, ол - эстетика. Яғни, театр өнері - әсемдікке құштарлық.

   Бүгін мәдениеттің қарашаңырағына айналған - Театр күні ! Әсемдікке құштарлық күні!  Барша  театрсүйер қауымды, театрдың жанына айналған - театр әртістерін төл мерекелірімен құттықтаймыз! Ұлтымыздың саф өнерін жандандыру жолында ешқашан шаршамаңыздар!


6230 11
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 27 наурыз 2012, 10:13
Тегтер: театр
Пікірлер
+0
27 наурыз 2012, 11:01

Айтпақшы, Театр қуанышын бөлісемін дегендерге құлаққағыс, бүгін М. Әуезов театрында режиссер Ә. Рахимовтың "Отыз ұлың болғанша" мұңды комедиясы, ал Ғ. Мүсірепов театрында Т. Теменовтың " Карменсита" ( "Кармен" повесіне фантазия) қойылымы болады.

+0
27 наурыз 2012, 11:39

Мәдениеттілікті бала кезден үйрену керек сияқты. Кейде театрда, жастар емес, ересектер де өздерін өздері ұстай алмайды. Ал негізі, театр деген кереметтің кереметі.

+0
27 наурыз 2012, 12:14

Бірақ театрдан мәдениетті үйренуге болатындығына көзім жетті!

+0
27 наурыз 2012, 13:11

Әлбетте, болады ;)

+0
27 наурыз 2012, 12:03

Театрдың өзіне баурап алатын бір қасиеті бар сияқты. Ішіне бір кірсең шыққың келмей қалады.

+0
27 наурыз 2012, 12:14

иә, дұрыс айтасыз! Қалтамда соңғы тиыным қалса да, тамақ жемесем де театрға тартып тұрамын!

+0
27 наурыз 2012, 16:28

"мәдениеттің қарашаңырағы" Мұнадй сөз естімеппін. рахмет, мендегі сөз тіркестер қорын толықтырдың

+0
28 наурыз 2012, 11:26

өзің айтпақшы, мәдениеттің қара шаңырағы - үңгір. бәрі сол жерден басталды :lol: :lol:

+0
29 наурыз 2012, 14:14

Түсінбедім, неге үңгір?

+0
29 наурыз 2012, 14:17

адамдар үңгірде өмір сүріп жүріп, сөйлеуді үйренді - тіл ғылымы, ән айтуды үйренді - өнер, сурет салуды үйренді - кескіндеме, көзіне шөп салып алып, сылтау іздеп алдауды үйренді - театр өнері... бәрін-бәрін үйренді. одан кейін ғана театр ашылды ғой :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев