Неге мен өлмей қалдым?

Неге мен өлмей қалдым?
жеке
блог

Ақылды Игіт Аслан!!!

Merhaba kardeşler. Ben geldim. Nasilsinlar???

 

Ия!!! Мен қайтадан тірілдім, оралдым, бірақта менің осы сайтқа қайтіп келген себебім: СІЗДЕРГЕ бір пайдам тисін деген ой ғана! Өзімді Ақылды Игіт Аслан деген себебім – маған ақыл кірді, енді ешкімге жамандық істемеуге тырысамын. Мені жаман адам ретінде санайтындарыңды білемін, көп жерлерде артық кетіп, сіздерге сүйектен өтетін сөздерді айтып қойдған едім. Сол үшін сіздерден КЕШІРІМ сұраймын. Мен жақсы адам ретінде қабыл алыңыздар.

 

Бір нәрсені біліп қойыңыздар – мен не істесем де құдіреті күшті МАХАББАТ үшін ғана істеймін. Бәріне кінәлі- махаббат. Махаббат –ұлы сезім екен. Махаббатсыз дүние бос деп жатады ғой. Бұл махаббат адам баласын қандай жағдайға апарып соқтыратынын болжап біле алмайды екенсің? «Махаббатқа қатты берілсең, басыңнан айырыласың» деп жатады гой, мүмкін мен де қатты беріліп кеткен шығармын. Кім біледі??? Қойшы!!! Махаббатты ойласам болды, сезімге, эмоцияға беріліп кетемін.

 

Бәрізге белгілі Қазақстан телеарнасында көпшіліктің көңілінен шығып,  көк жәшіктің алдына телміртіп қойған «Дениз» сериалы өтіп жатыр! Бұрынғы түрік сериалдары тез бітуші еді, бұл сериалдың бітетін түрі де, түбі де көрінбейді. Кейіпкерлері бүгін өліп, әне бітті дегенде, келесі күні тіріліп шыға жөнеледі. Дениздің өлді деп, ертесі күні өлмей тірі жүруі және менің, яғни Игіттің суға кетіп өлді деп, бірақ ол өз өзін өлтірмей, қазіргі уақытта қайта қайтып келуі бұған дәлел болып отыр. Сіздер бұл сериалдың қашан бітіп, алтын уақыттарыңызды қашан босатады екен деп жүрген шығарсыздар???!!!

 

Сіздерге, «Дениз» сериалын көріп жүрген іні-қарындастарыма, бұл сериалдағы кейіпкерлермен жақынырақ танысқыларыңыз келіп жүрген шығар деген ниетпен, олардың қысқаша өмірбаяндарын дайындап әкелдім. Ал тыңдаңыздар:

 

Басты кейіпкер: Gunes Emir - Дениз Караджа/Атабай

Туған жері: Түркия, Стамбул
Туған күні: 10 мамыр, 1985 жыл
мамандығы: әртіс
жұлдыз белгісі: торпақ
бойы: 172 см
салмағы: 52 кг

Fox Tv телеарнасы арқылы күнделікті және казірдің өзінде трансляциаланып жатқан, басты кейіпкер рөлін - Дениз Караджа ретінде ойнайтын, «Теңіз жұлдызы» (2007)  сериалы арқылы атақты әрі танымал әртіс болып шыға келді.

 

Koray Erkök - Мерт Демирхан
Туған жері: Түркия, Стамбул
Туған күні: 4 қаңтар, 1986 жыл
мамандығы: әртіс
жұлдыз белгісі: тауешкі

 

Begüm Topçu - Бану Турикоглы

Туған жері: Түркия, Анкара
Туған күні: 3 маусым, 1985 жыл
мамандығы: әртіс
жұлдыз белгісі: егіздер

Başak Akbay - Пелин Атабай

Туған жері: Түркия, Измир
Туған күні: 9 сәуір, 1987 жыл
мамандығы: әртіс
жұлдыз белгісі: тоқты
шет тілі: ағылшын

Artemis Karaman - Мехвеш Хотамыш
Туған жылы: 1985 жыл
мамандығы: әртіс
шет тілі: ағылшын

Çagdaş Serter – Суна Турикоглы
Туған жері: Түркия, Измир
Туған күні: 13 ақпан, 1983 жыл
мамандығы: әртіс
жұлдыз белгісі: суқұйғыш

 Emre Igdemir - Озан (фамилиясын ұмытып қалыппын)
Туған жері: Түркия, Анкара
Туған күні: 10 ақпан, 1985 жыл
мамандығы: әртіс
жұлдыз белгісі: суқұйғыш
мына сериалдарға түскен: "Yеmin/Клятва/Серт" және "Dеniz Yildizi/Морская звезда/Дениз"

Tuan Tunali - Озгур Атабай
Туған жері: Еуропа, Бельгия
Туған күні: 2 желтоқсан, 1983 жыл
мамандығы: модель, әртіс
жұлдыз белгісі: мерген
хоббиі: бадминтон, бильярд, саяхаттау.
марапаттары: 2001 жыл – «Ең үздік Модель» және 2008 жыл – «Ең үздік Пресс».

Cantuğ Turay - Мелих Шахин
Туған жері: Түркия, Анкара
Туған күні: 14 мамыр, 1984 жыл
мамандығы: әртіс
жұлдыз белгісі: торпақ

Lale Başar - Берна Демирхан
Туған жері: Түркия, Орду
Туған күні: 27 қаңтар, 1964 жыл
мамандығы: әртіс
жұлдыз белгісі: суқұйғыш
жұбайы: Кемаль Башар
 
 Meltem Baytok - Икбаль Атабай
Туған жылы: 1968 жыл
мамандығы:әртіс
мына сериалдарға түскен: "Dеniz Yildizi/Морская звезда/Дениз" және "Unutpa Beni/Не забывай меня/Ұмытпа мені".

Serhat Nalbantöglu - Бахри Атабай
Туған жері: Түркия, Ескішехир (Eskişehir)
Туған жылы: 1959 жыл
мамандығы: әртіс



Özgün Çoban - Игіт Аслан
Туған жері: Түркия, Битлис
Туған күні: 5 шілде, 1985 жыл
мамандығы: әртіс
жұлдыз белгісі: сарышаян