Массагетті төте жазумен де оқуға болады

Массагетті төте жазумен де оқуға болады
жеке
блог

Тағы бір жаңалығымыз бар. Бүгіннен бастап сайтымызды төте жазумен де оқуға болады. Ол үшін сайттың оң жақ жоғарғы бөлігіндегі сәйкес батырманы басуыңыз керек.

Әзірге функция тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Ұсақ қателіктер осы аптада жөнделеді деп жоспарлап отырмыз. Функцияның жұмысына қатысты ұсыныс-тілектеріңіз болса – мәрхабат, осы жерге жаза беріңіздер.

Айта кетейін, Қытайда тұрып жатқан 2 миллиондай қандасымыз Ахмет Байтұрсынұлы жасап кеткен осы әліпбиді пайдаланып жүр. Порталымызда пайда болған жаңа функция олармен тығыз қарым-қатынас жасауға көмектеседі деп ойлаймыз.