***

***
жеке
блог

Өлең деген...

Елеңдеген көңілдің,

Өксігі екен, өлең жазам, төгіл мұң.

Жанарымнан жалқы моншақ сырғанап,

Өлең сенсіз өгей мұңға көмілдім.

 

Өлең,өлең,

Сырды ұғыншы мендегі,

Өзегіме шоғың түскен пендемін.

Көкіректі тепкілеген жұмыр ет,

Жасын төгер, сағынышым, сен деп үн.

 

Өлең, өлең,

Не сыйларың бар маған?

Не күтейін, еншің бар ма арнаған?

Тек сенемін, қазір жазып таңданам,

Оқи алсам түн елесін таңда аман.

 

Өлең, өлең,

Не айтайын, не дейсің?

Сырға теңіз, өгейлікке өгейсің.

Төсіңді емген мендей бейбақ ұлыңнан,

Ақын дерлік азаматың көбейсін.

 

Өлең,өлең,

Әр тыныстан естілетін үнсің сен,

 Ән салатын күңіреніп күрсінсем.

Өлең, өлең,

Сені сүйем, демен сезім себепсіз,

Сүйгеніме айқынырақ себеп күз.

Оразбай Жанұзақ