"Жұлдыз FM" радиосы мен Массагет порталы жастарды жұмысқа қабылдау мерзімін ұзартты

"Жұлдыз FM" радиосы мен Массагет порталы жастарды жұмысқа қабылдау мерзімін ұзартты
жеке
блог

Жақында "Жұлдыз FM" радиосы мен Массагет порталы жастарды жұмысқа шақыратыны туралы хабарлаған болатын. Еліміздің әр түкпірінен көптеген жастар өтініш білдіріп, түйіндемелерін жолдады. 

Басшылықтың қатысуымен түйіндемелердің барлығы да сараланды. Өтініш білдірушілердің көптігінен сүзгіден өткізу біраз уақытқа созылды. Екінші кезеңге өткендерге осы аптаның соңына дейін хабар беріліп, арнайы сұхбаттасуға шақырылады. Ал, сұхбаттасуға шақырылмағандар келесі кезеңге өтпеген болып есептеледі. Яғни, өтініш білдірушіге ешқандай хабар берілмесе, келесі кезеңге өте алмады деген сөз. 

"Жұлдыз FM" радиосы мен Массагет порталы жастарды жұмысқа көптеп тартуды көздеп отыр. Сол себепті байқау мерзімін ұзартуды ұйғарды. "Жұлдыз FM" радиосының өткен жолғы талаптары өзгермейді, ал Массагет порталы бұл жолы тек қана қыздарды жұмысқа шақырады.

"Жұлдыз FM" радиосы жариялаған кастингке өз ісінің шебері, сөзді маржандай етіп тізбектей алатын, бастысы радиода қызмет етуді армандайтын жастар қатыса алады. 

"Жұлдыз FM" радио толқынында жүргізуші болып жұмыс жасағысы келетін үміткерлерге қойылатын басты талап: 

• Сөзге ұста, жан-жақты, дауысы жағымды болуы керек;
• Тыңдармандармен тілдесу;
• Интерактивті бағдарламалар өткізу;

Массагет порталына жоғары білімді, жан-жақты, жауапкершілігі жоғары, орыс тілін еркін меңгерген (ағылшын тілін білсе тіпті жақсы), ең бастысы қазақ тілінде мақала жаза алатын қыз қажет.

Егер бұл жұмыстарға өзіңізді лайықпын деп есептесеңіз, massaget.kz@gmail.com поштасы түйіндемеңізді жолдаңыз.

"Жұлдыз FM" радиосы үшін жолданған түйіндемеде міндетті түрде фотосурет болуы шарт, сонымен қатар, дыбыс жазу аппаратына жазылған дауысыңызды қоса жолдауыңыз қажет.

Ал, Массагет порталына жолданға түйіндемеге "Бұл жұмыс маған не үшін керек?" деген тақырыпта жазылған эссеңізді (қазақ тілінде) қоса жолдауларыңызды сұраймыз.

Қосымша ақпарат алу үшін 87273888119, 87273888118 нөміріне хабарласа аласыздар.

Сурет: kaz.tengrinews.kz