Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арақтан тартқан азабың, аз ба еді қазағым?!

Арақтан тартқан азабың, аз ба еді қазағым?!

Арақтан тартқан азабың, аз ба еді қазағым?!

Шығыс философтарының айтуынша "адам баласы- өмірге қонақ екен".Осы сыйлы қонағына өмір өз тарапынан жомарттығын көрсетіп қуаныш сыйлап бақытты сәттерді жаудыра да,сараңдығын танытып,көз жастарын көл қылып, қайғы - мұңда сыйлап жатады.Бір-ақ рет және өлшеніп берілетін өмірді кей адамдардың өз уақыты жетпей-ақ өз қолдарымен гүл секілді үзіп тастап жүргендеріне куә да болып жүрміз. Әрине бұлайша тәуекел етудің өз себептері баршылық...Тағдырдың тәлкегіне ұшырап, аяусыз соқпағына шыдай алмай амалсыздан жарық дүние есігін бір сәтте жаба салатын жандардың көптігі көңілге қаяу орнатады.Бұл пенделердің бір-біріне ұқсамайтын қиын да,алуан тағдырлары бар.

Осындай аянышты тағдырдың менің жақын құрбым - Аңсағанның маңдайына жазылғандығын кім біліпті? Құрбымның ауруханаға түскендігін естіген сәтте, алып-ұшып барсам, дәрігерлер өзіне қол жұмсағандығын айтты. Мұның себепкері - талай жанның өмірін жалмап жатқан "сайтан су" екендігін білгенде, ойымды сіздермен бөліскім келді.

Аңсағандар отбасында бесеу болатын. Төрт қыз, бір ұл. Аналары мектепте еден жуушы болып істейтін. Әкелерінің ішімдікті әдеттен тыс ішетіндігін бұрын да білетінмін. Осының әсерінен тұрмыстары да нашарлап кеткен. Оны жұмысынан да босатып жіберген. Аңсағаннның айтуынша, әкелері оларды сабауды әдетке айналдырыпты. Ішімдік тауып келіңдер деп үйінен қуып шығатын көрінеді. О баста аналарын ұл тумағаны үшін ұрса, өмірге інілері келгеннен соң да бұл әдетін қоймапты. "Мектепке көгерген бетімізбен баруға ұяламыз, сіңілілерім сыныптастарының мазақтағандарын айтып жылап келеді, мектептегі соңғы жылым ғой деп барымды салып шыдамақшы едім, кеше әкемнен " жәлеп" деген сөзді естіген сәтте, мұны туған әкемнен естігенше өлгенім артық деп осыған бардым " - дегенде еріксіз көзіме жас алдым.

Бұл - бір ғана жанның тағдыры. Ал әлемнің түкпір - түкпірінде біз білмейтін мұндай ауыр тағдырлар қаншама десеңізші? Ойран болған отбасы... Бақытсыз балалық шақ... Шырылдаған бала - шаға... Өксіген ана... Бәріне кінәлі-арақ! Кінәлі - өзінің де, өзгенің де қамын ойламайтын, әлсіз, бейқам азаматтар! Осындай тағдырға ұшыраған қаншама перзент өзіне қол жұмсап немесе ата -анасы ажырасқандықтан әкесінен тірідей айырылып, жетім қалып жатыр.

Кеудемді кернеген сансыз сауалдардың жауабын қайдан табарымды білмеймін! Аңсағанмен тағдырлас жеткіншектерді қалай құтқарамыз? Бұл кеселдің емін қайдан, қалай табамыз? Шіркін, жер бетінде осы бір "сайтан суды" жоқ етер күш бар ма екен?!...

2374 10
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 24 наурыз 2012, 19:18
Тегтер: арақ, өзіне қол жұмсау
Пікірлер
+0
24 наурыз 2012, 19:55

Аянышты. Көршімізде бұл суға жақын еді. Қазір айықты деп жүр бәзбіреулер. Тек осының салдарынан отбасының берекесі қашты. Негізі, мұндай отбасылар көп-ақ. Арақты бір күнде тастап кеткендер де бар. Сондықтан, бәріне адамның өзі кінәлі деп ойлаймын. Санаға байланысты барлығы

+0
25 наурыз 2012, 17:00

Келісемін! Бәрі адаманың өзіне байланысты... Соншама шеттей бала - шағаны жылатқан адамдардан жиркеніп те кетемін кейде!

+0
25 наурыз 2012, 12:12

Кейбір сұрақтар және мәселелер болады жауабы жоқ және шешімі жоқ. Соның бірі алкоголь құмарлық.

+0
25 наурыз 2012, 17:01

Сонда мұның ешқандай шешімі жоқ дегіңіз келе ме?

+0
25 наурыз 2012, 19:01

Иә, болған және бола бермек.

+0
25 наурыз 2012, 12:51

Бұл арақ деген дерт қой.... қаншама жан осы суға арбалды, қаншама отбасы ойран болды... Жүректен иман кетіп, махаббат гүлі қанша солды екен...

+0
25 наурыз 2012, 17:03

Дұрыс айтасыз, жүрегінде тамшыдай иманы бар болған адам мұндай сұмдықтарға бара алмайды деп ойлаймын!

+0
25 наурыз 2012, 22:35

келісем, бұны құртатын иман, Ислам деп ойламын

+0
26 наурыз 2012, 15:09

Түсінбедім, қайта бұл дерттің емін - Исламнан іздеу керек сияқты!

+0
25 наурыз 2012, 16:20

1. Түйеқұстар мекені
Мына тұрған, көз қысып, шарапхана,
Кірме бұған, бауырым, ар аттама.
Айналып өт кездейсоқ жолда тұрса,
Өте шықшы қасынан қарап қана.
Мекені бұл - "түйеқұс" талапсыздың,
Анда-санда сын көзбен қарап тұрғын.
Мүжіп жатыр бар нәрін бауырыңның,
Мүжіп жатыр жанын да "шарап-құзғын".
Аямайды кескінін, бөксесін де,
Аямайды, жеп жатса, өкшесін де.
Бар баққаны - сау болса "қарабасы",
Мейлі кеулеп жеп қойсын өкпесін де.
Әне солар, масаң боп отырғандар,
Жалғыз-жарым кездейсоқ қосылған бар.
У шарапқа санасын суарады,
Парасат пен пайымға тосын жандар.
Бәрі осының шетінен оқығандар,
Есің болса, бауырым, осыны аңғар.
Ертең басын жазып ап, ал сонан соң,
"Ұлттың қамын" жоқтайды осы жандар.
Жоқтап бірі қыз арын, заман зарын,
Боқтап бірі, ағайын, жамандарын.
Арасында ел үшін тост көтеріп,
Шарап пенен басады арандарын.
Міне осындай - әзәзіл шарапхана,
Кірме бұған, бауырым, ар аттама.
Кісілікті жоясың, түсінікті,
Қожа біреу бұл жерде - арақ қана.


2. Түйеқұс әке (үлкені)
Мына жерде бір әке ішіп отыр,
Қайғы қажап жаны да, іші қотыр.
Алдында ас, басында телпегі жоқ,
Ішіп отыр, сонда да, ішіп отыр.
Әке ойы - қор болған жалғызында,
(Мықты болсаң ішпей көр, ал бұзылма).
Келін кетті, немере ере кетті,
Пәле қайда - ұлында, жалғыз ұлда.
...Өсірген-ді жасынан еркелетіп,
Алғыр болды, ұғымтал, ерте жетіп.
Бұл сақалды, онда мұрт, ой дүние-ай,
Ғұмыр неткен, соншама келте, нешік..
Жеті жаста шылымға ауызданды,
Он бесінде арақты ауызға алды.
Дудан қызық, өмірден шаттық іздеп,
Ерте пісті, ертерек қауызданды.
Сондайларды бір кезде ардақтаған,
Содан қазір ішпейтін қалмапты адам.
...Жаным жара солардың қылығынан,
Кім ойлаған түсер деп салмақ маған...
Жуған талай ұлына жас толғанын,
Жуған талай оқудың басталғанын.
Армандаған сол кезде жалғызының,
Өлсем-ау деп, бір көріп, мас болғанын.
...Еске түссе тағы да қағып салып,
Ал өкініш шарапқа нағыз салық.
Әрбір кеткен қатеге бір "қырлыдан",
Ішіп отыр ұлы үшін намыстанып...


3. Түйеқұс әке (кішісі)
Жігіт еді бақыты басқан өрге,
Жұрт қызыққан талабы асқан ерге.
Аз емірдің қайғысы молдау болып,
Ұл жылайды, ішіп ап, басқа жерде.
Ұл жылайды анасын есіне алып,
Тән сыздайды, қайғыдан, жаны налып.
Әке де жоқ, ана жоқ тірі жетім,
Отыр содан шараптан өшін алып.
Ана қайда?.. Жаман ат тағылды анық,
Кетпей ме екен үйінің шаңын қағып?
Өз ошағын сөндіріп, қалай кісі,
Жүре алады өзгенің шамын жағып?..
Басқалардан өмірге бұрын кіріп,
Мақтанып ед, кей кезде қырын жүріп.
Аз күн шарап буына шалқып еді,
Кетті ақыры сол жауыз сүріндіріп.
Әкесін де аяйды, шешесін де,
Өз қолынды, қайтесің, кесесің бе?
Әйелі мен ұлын да ойлап отыр,
Бала қалды жетім боп нешесінде?..
Ұлы қайда кеп-кеше жетелеген,
Соқты бұған бір зауал төте келген.
Арман бар ма өмірде жалғызының,
Жетсе үні құлаққа "көке" деген...


4. Жетімдер (үлкені)
Тойлаймын деп желіктің сәтті күнін,
Көз жасымен бұл қыз да шақты мұңын.
Басын құмға жасырған түйеқұстай,
Паналайды астына жастығының.
Таптатты арын өзінің, елінің де,
Нұқсан түсті кісілік сеніміне.
Омыраудан сүт ағып, көзінен жас,
Сезді даусын, тастанды төлінің де.
Тәтті сезім сонша тез өшеді ме?
Тікен сеуіп қойғандай төсегіне -
Дөңбекшиді жас ана, садақа ғып,
Нәрестесін халықтың өсегіне...


5. Жетімдер (кішісі)
Тек мама деп жылайды бала сірә,
Жетім айтпас арызын анасына.
Басын тығар құмы жоқ, ана да жоқ,
Қорыққанда тығылар панасына.
Махаббаттың жемісі - үсік шалған,
"Жетім" атын анасы пішіпті адцан.
Өмір бойы естірі - "байғұс бала",
Құтыла алмас бұл енді "кішік" халден.
Жылап жатыр, жұбанбай ұзақты күн,
Күн де ыстық, шілдеде, ұзақ бүгін.
Тумай жатып басына бұлт айналған,
Бұ сорлыға құрды екен, тұзақты кім?..


6. Түйеқұс және бөрі
Бөрі қалған жемтігін қашан аяп,
Қорғансызды қылғытар асамай-ақ.
Кеңірдекке қанды ауыз таянғанша,
Талтаң-талтаң түйеқұс басады аяқ...

+0
25 наурыз 2012, 17:03

Тамаша жазылған екен!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев