Танымал болғың келсе, Массагетке өлеңіңді жібер

Танымал болғың келсе, Массагетке өлеңіңді жібер
жеке
блог

Сайтымызда ән мәтіндері байқауының басталғанын білетін шығарсыздар? 

Бұл байқаудың өткізілуіне біздің сайтпен тығыз қарым-қатынастағы әнші Әлібек Әлмәдиев пен «Алдаспан» тобының мүшесі Шамшадин Омаровтың үлесі көп. Бұл екі әнші де елімізге талантымен танылып, көптің көзайымына айналып жүрген дарынды жандар. Дарынды дейтініміздің себебі, олардың әншілік қабілетінен бөлек композиторлық өнерлері де бар. Мәселен, Алдаспан тобы орындап жүрген композициялардың көп бөлігін Шамшаддин Омаров жазған. 

Бұйырса жеңімпаз өлеңдерге ән жазылып, клип түсіріледі деп жоспарлап отырмыз. 

Бұл жобаны қолға алып отырғанымыздың себебі жоқ емес. Қазір қазақ эстрадасында мағынасы терең, ұрпақта-ұрпаққа үздіксіз жалғасып кете беретіндей ғұмыры ұзақ әндер аз болып отыр. Ғасырлықлық ғұмыры бар әндер Кеңес кезінде ғана көптеп жазылды десек, артық айтпаймыз. Сол кезеңде өмір сүрген Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын-ақ мысалға алуға болады. 

Біздің қазіргі мақсатымыз – ғұмырлы әндердің қазір де көптеп жазылуына ықпал ету. Олай болса, бәйгеге тек жүлде үшін емес, халық музыкасының дамуы үшін де қатысыңыздар. Сіздерге сәттілік тілейміз!

Бәйге ережесімен толығырақ мына жерден танысыңыз!