ТАҒДЫР ҚОСТЫ МА, ӘЛДЕ...

ТАҒДЫР ҚОСТЫ МА, ӘЛДЕ...
жеке
блог

            Алғашында олар үшін қандай болмасын қиындық  кедергі емес-тін. Алайда, махаббат беріктігі сыналу үшін талай сынаққа тап болған ғашықтарға осы жолғысы төтеп бере алмастай болып көрінді...

            Махаббаттарының қыл үстінде тұрғанын білсе де Диля сүйіктісі Мадиге жылдар бойы жиналып қалған ішіндегі өкпесін ашумен айтып салды... Күндегі ұрыс-керістен жүйкелері жұқарған екеудің соңғы шешімі уақытша ажырасу болды.

            Бір-бірінен демаламыз деп ойлаған ғашықтардың уақытша ажырасулары осы жолы мәңгілікке секілденді.  Күндер өтіп жатты. Қос ғашық түсініксіз уайымға тап болады. Түптеп келгенде Диля серісін, Мади болса сүйіктісін ойлап, сағынып жүргендерін түсінеді. Бір-біріне деген сағыныштары алқымдарынан алып бара жатса да, намыстарына ерік бергісі жоқ. Қаншама ғашықтар намыстарының  құлы болып бір-бірімен қауыша алмай жүргендерін дәл осы кезде түсінгендей болды екеуі...

            Сарғайған сағынышпен дәл осы жағдайда керексіз намыстың жетегінде жүрген қос ғашық тағы бір күнді артқа қалдырды... Үнемі уайымнан арыла алмай жүрген Диля бір мезет көңілін көтеру үшін радионы қосады. Дәл осы кезде Мади де радио тыңдап жатқан болатын. Кенет радиодан: “Құрметті тыңдармандар, бізге мынадай хат келіп жетті: “Мади-Диля, қашанғы бұлай жүре бермексіңдер?! Бүгін екеуіңде кешкі сағат кешкі 19:00 де, Киров саябағының кіре берісіне келіңдер.” Мади-Диля, егер де бізді тыңдап отырсаңыздар, міндетті түрде айтылған жерге уақытында барыңыздар! Мұндай мүмкіндік күнде тие бермейді!”. Сағат тілі 18:30 ды көрсетіп тұр, ойланбастан екеуі де саябаққа жүгіре жөнелді. Бір-бірін кездестіріп, үнсіз тұрды... Қайтадан жоғалтып аламыз деп қорықты ме екен, қос ғашық бір-бірінен қоймастан кешірім сұрап бірін-бірі құшақтай жөнелді. Жол жөнекей Диля сүйіктісіне радиоға берген хабарламасын естігенін айтып еді, Мади оны сен жіберген шығарсың деп ойлағанын айтты. Сол күні олар тыңдаған радиоларына  хабарласып сағат кешкі алтылар шамасында эфирге қандай бағдарлама шыққанын сұрап еді, радио қызметкері ол кезде радионың техникалық ақауларға байланысты жасамай қалғанын жеткізді. Екеуі де аң-таң... Сонда қалай?! Радиодан қалайша олардың есімдері аталып хабарлама жарияланды?! Ол радио сол кезде мүлдем жұмыс жасамаса, олар қайдан естуі мүмкін?! Тіпті, естігеннің өзінде олар жайлы кім білуі мүмкін деген ойлар бастарынан кетпеді.

           Алайда, ең бастысы екеуі бірге... Мәңгілікке бірге!!!! (Сол күні екеуі кездескен саябақта олардан басқа тағы бір Мади-Диля есімді жұп татуласқан екен.)

                                                                                           МӘЖІК ЕРЛАН