Мерекелік көңіл-күй немесе талға соғысу операциясы....

Мерекелік көңіл-күй немесе талға соғысу операциясы....
жеке
блог

   Сәлем достар! Кеше аман-есен мерекеміз өтті, жаңа жылды жақсылап қарсалып алдық, солайғой сіздерше достар? Кеше нағыз көктем келгенін енді ғана сезінгендей болдым. Күн ашылып, дала құлпырғандай болды ау... 

    Түнгі сағат 11-лер шамасында аулада есік жақтан келе жатыр едім, аспанға көзім түсіп кетті... Қарасам қара аспан төңкеріліп, қара барқыт көрпе сияқты болып тұр тамаша көрініс... Жұлдыздар анық көрініп тұр, қыс біткелі жұлдызды аспанды алғаш көріп тұрғандай менде үңіле қарап, тамсанып келемін... сол-ақ екен жұлдызды аспанның төріне еніп, менде жұлдыздарды тамашалап, қиялдап кетпесім барма)))))))

Есіктен кірген соң ұзын жүретін жолда плитаның үстінде келе жатырмын тұсында дәу шырша ағашы бар сол тұсқа жеткенде бұрылыс бартын, сол бұрылысты жұлдыздарға қараймын деп жүріп ұмытып кетіппін...

))))) тарс етіп бірдемеге соғыспасым барма... басымнан шымшықтар айналып ұшты-ау)))) сөйтсем қиали болып жүріп аңдамай келіп бағанағы дәу шыршаға кеп соғысыппын... Әйтеуір еш жерім көгермепті)))) Енді өз-өзіме келіп орнымнан тұрсам біреудің сықылықтап күлген даусы шықты... Қарап қалсам інім екен мені мазақтап один дома болдыңғой деп... Сөйтсеееееем ол мен келе жатқаннан сыртымнан бақылып тұр екен... Сырттан көреген адамға расында да күлкілі болған шығар))) өзіңіз елестетіп көріңіз...  Өзімде кейін әбден ішек сілем қатып күліп алдым!!!

Міне мерекенің соңы осылай соғысумен аяқталды))) Жаңа жылда жаңа табыстар мен алар асуларыңыз көп болсын ағайын!!!