Әлемдегі ең ерекше жемістер

Әлемдегі ең ерекше жемістер
жеке
блог

Күн нұрынан нәр алып, шуақ астында нұр тарата тамылжып піскен жемісті көргенде, аузыңыздың суы шұбырары анық. Бұл жемістен дәм татпасаңыз, сіздің көрген дүниеңіз құр бекер. Бірақ, әлемде кездесетін жемістердің кейбір түріне қарап, бір қарағанда жеміс деп ойламайсыз. Дәмін көруді ойламасақта болады. Бүгінгі фотоблогымызда сондай экзотик жемістер туралы айтып өтеміз... 

Рамбутан

Бұл "өзге ғаламшарлық" жеміс әлемдегі барша тропик елдерде кездеседі. Малай тілінде "шашты" деген мағына беретін жеміс қызыл түске енгенде және сыртын түк қаптағанда жеуге жарамды болады. Ортасынан екіге бөлініп, ішіндегі ақ жемісі желінеді.  Дәнегі және қабығы жеуге жарамсыз. 

Дуриан

Жемістердің "падишасы" саналатын дуриан әлемдегі ең жағымсыз иісті жеміс. Салмағы 3 килограммға жетеді, сырты өте қатты. Иісіне шыдай алсаңыз өте дәмді әрі пайдалы жемістің дәмін көре аласыз. 

Тақыр қауын

Қауынды немесе қиярды еске түсіруші бұл жемісті пісіп жетілмеген сәтінде теріп алады. Осы көрінісінде немесе пісіріп жеуге болады. Майонезбен салаттарға ерекше дәм береді.

Aкеби 

Дәмі кермек болғанымен жеміс түріне жатады. Тұздауғада болады.  Дәнін айыру қиындық тудырғандықтан етімен бірге желінеді. Жапонияда ғана өсірілседе, бұл елдің өзінде қолға түсе бермейді екен.  

Будда қолы

Сары түсті бұл цитрусты жеміс Азияның көптеген елдерінде кездеседі. Иісі өте жағымды.  Қабығын торт дайындауда пайдаланады, негізгі жемісін болса салаттарға пайдаланады.  

Maнгостин

Теннис добынан сәл ғана кішкене бұл жемістің сыртқы қабығы өте қалың. Ақ түстегі жемісінен тоспа дайындауға болады. Мәліметтер бойынша бұл жеміс ханшайым Викторияның сүйікті жемісі болған екен.  

Салак

Дәмі кермек, Малайзия ормандарын мекен ететін маймылдардың сүйікті жемісі.  Жеміс өте қымбат болып, құрамында 13.5% алкаголь сақтайды.

Kaктус жемісі

Нопал кактусы деп аталатын өсімдік жемісінің сырты тікенекпен қапталған. Өте керемет дәмге еге.  C дәруменіне болған қажеттіліктің  13% ын қаптайды. Мексика аспаздары жұмыртқа және етке қосып керемет тағамдар дайындайды. 

Питая

Дәмі киви және шабдалыға ұқсайтын бұл жеміс айтарлықтай тәтті емес, есесіне антиоксиданттарға өте бай.  Екіге бөліп маңызын дәнімен бірге жеуге болады.




Бөлісу: