Блогқұрылтай-2012.Суреттер

Блогқұрылтай-2012.Суреттер
жеке
блог

Сәлем ) 

Блогқұрылтайдың  бейресми кездесуі. Анара екеуміз кіріп келсек, есік алдында үш ер адам тұр екен. Алдекен бастаған керекинфоның арыстары келген қонақтарды "қош келдіңін" айтып күтіп алып тұрды. Киім шешетін жердің алдында тұрған Талғат та бізді құшақ жая қарсы алды. Жоғарыға көтерілдік. Адамдар біраз жиналып қалған екен. Танитындарымнан танымайтындарым көп пе, қалай? )  Ол маңызды емес, маңыздысы - бәрі де блогшы деген қауым. 

Астаналық үйлестірушілер ерледі. Квнчиктерді шақырыпты. Есен Елеукен ағамыз да отыр. Бір-бірімен қауқылдасып, амандасып жатқан бір адам.

Шетелден келген блогшылардың да саны көбейіпті. 

Енді аз-маз сурет )

Жігіттер қауымы ) 

Көкбөрі, Жалғас, Нео Ман, Мейіржан, Қасым Олжас )

біз ғо)