Венок жасап ең әдемі гүлдерден ...

Венок жасап ең әдемі гүлдерден ...
жеке
блог

Венок жасап ең әдемі гүлдерден
Қойып кетем ақ үйіннің басына
Сипап қайтам суретіңді тас болған
Сағынғанда барғым келеді қасына...

Жетелемей мені жалғыз қалдырдың
Ерте кетіп неге сонша асықтын
Тіреу таппай қиналғанда жебейтің
Ғашықпын ау сiрә саған асықпын...

Саған жаным ғұмыр берді келтелеу
Өмірі тым неге қысқа ғашықтын
Сағынғанда барғым келеді қасына
Жолым сірә саған қарай қашық тым...

Бар мұнымды ақтарамын қайтейін
Маған еткен жақсылығын осыма
"Ал жәрәйді, қош сау боп тұр" кетейін
Әр ай сайын келіп тұрамын асыға...

Тірі жанмын кеудесінде жаны бар
Шерленемін саған келіп тасына
Өкіремін , өкінемін бәрібір
Сағынғанда барғым келеді қасына...