Франциядағы лимон фестивалы
блог
Бірнеше күн алдын, анығырағы 14 ақпан күні Францияның Ментон қаласында кезектегі 82-лимондар фестивалы басталды. Аталмыш фестиваль 4 наурызға дейін жалғасады.
Францияда цитрус жемістер жылына үш рет өнім береді. Бұл фестиваль цитрус жемістердің бірінші өнімін алу тұсында ұйымдастырылады.
Фестиваль 1930 жылдан бері ұйымдастырылады. Алғашында бірнеше ағаштар ғана лимондармен безендірілген.
Бүгінде болса, лимон және басқа цитрус жемістермен түрлі мультфильм және кино кейіпкерлерінің темір каркастары, ғимараттармен және басқа қызықты пішіндер безендіріледі.
Әр жылы фестивалды ұйымдастыру үшін 1,5-2 тонна цитрус жемісі керек болады.
Бұдан тыс, мыңдаған еріктінің 20 мың сағат уақытыда жұмсалады. Әр жылы фестивалды көру үшін әлемнің түрлі түкпірінен 200 000 нан астам туристер келеді.