"Жоқ" деп айтып үйрену керек...

"Жоқ" деп айтып үйрену керек...
жеке
блог

  "Солға барсаң атыңды жоғалтасың, оңға барсаң өмірді жоғалтасың, алға жүрсең тірі қаласың, бірақ өзіңді ұмытасың" демекші өмірде кейде қалай таңдау жасап, кімге қалай жауап береріңді білмей қаласың...

Дұрыс таңдау жасау бәрінен де маңызды. Және ең қиыны жәутеңдеген жанарды жасқа толтыртып біреудің айтқан өтініші мен ұсынысына "жоқ" деп айту шығар. Егер "жоқ" деп бетінен қақсаң, өзіңе жақын адамды да жоғалтып алуың мүмкін. Осындай кезде кімге көмек беріп, кімге қарсы жауап беру керек жайлы да ойлану керек.

  * Тіке "жоқ" деп үйреніңіз

    яғни, егер ол өтінішті орындауға мүмкіндігіңіз жоқ болып тұрса, әңгімені созбақтамай, "жоқ" деп айтыңыз .Сіз қанша көп сылтау айтсаңыз. еріншек секілді көрінуіңіз мүмкін. Керек болса қайта айтып, себебін қысқа ғана жеткізуге тырысыңыз.

  * Оған да мүмкіндік беріңіз

бұл мәселенің қандай жағдайда екеніне байланысты. Яғни, ол өмір мен өлім мәселесі болып қалуы мүмкін. Ондай сәтте "жоқ" деп айтпас бұрын ойланып, әрекет еткен жөн.

  * Басқа вариант ұсыныңыз 

 Егер ол іске дәл қазір уақытыңыз болмай тұрса, егер ол адам соншалықты өміріміздің маңызды бөлшегін алса, оған келесі жолы көмектесетініңізді және тағы басқа мәселенің шығу жолдарын пайдалануды ұсынып көріңіз.

 Бұл қарапайым ережелер сіздің өз ортаңызда сыйлы және сөзіңіздің мәнді болып жетуіне көмектеседі. Өз ойларыңыздан саралап, қолданысқа жаратарсыздар деп сенемін.