Маңғыстау облысындағы жастар ұйымдарының көшбасшылары «Еркін пікір» дискуссиялық алаңында бас қосты.

Маңғыстау облысындағы жастар ұйымдарының көшбасшылары «Еркін пікір» дискуссиялық алаңында бас қосты.
жеке
блог

Ақтау қалалық «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында өткен «Еркін пікір» дискуссиялық алаңына жастар ұйымдарының көшбасшылары, оқу орындардағы «Жас Отан» ЖҚ – ның бастауыш бөлімшелері, жұмысшы жастар, жас мамандар кеңестерінің төрағалары қатысты. Сондай ақ, «Жас Отан» ЖҚ МОФ атқарушы хатшысы Ә.Нұров, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Б.Тұяқов, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Е.Әнесов қатысты.
Кездесудегі басты тақырып: Еліміздегі жаңа жастар саясаты жөніндегі заңның артықшылықтарымен ақпараттандыру, алдағы күндері жастар саясатындағы жоспарланған өзгерістер, облыстық деңгейдегі жастармен жұмыс жүргізудің жоспары мен кең көлемді шаралардың өтуі жөнінде ашық пікірталас өтті. Әр сала мамандары әр түрлі пікірлерін ортаға салып, жастар мәселелеріне қатысты пікірлер айтылды. Ұтымды ойлармен, маңызды ұсыныстар беріліп, жоспарға енгізілді.