Өтірік күлкі адамды мезі қылады?

Өтірік күлкі адамды мезі қылады?
жеке
блог

Айналадағы құрбы-құрдастарымыз бүгінде арзан күлкінің жетегіне еріп, көп уақытты жоғалтып алған секілді. Қай тұсқа қарасаң да әзіл мен күлкіге жақын жандар көп. Айналасына күлкі сыйлаған бұл жандар өздері де өзгеше бір бақытқа бөленіп, балаша ойнап-күледі. Ал кейбір мәні жоқ сөзге килігіп, езу тартуға шебер қылжақбастарымыз әрқашан біреуді келеке етіп, жоқ жерден от шығарғысы келіп отырады.

      Позитивті адам деп біз әрқашан өмірге деген көзқарасы түзу адамды айтамыз. Алайда, кей жандар позитив сөзінің түп мағынасын толық түсінбей, оны әрқашан езуінен күлкі кетпейтін қасиетпен шатастырып, өтірік күлудің қас шебері бола шығады. Кей адамдарға айналадағы мұндай ретсіздік жүйке тозуына алып келеді. Мектеп қабырғасында да кей жасы келген мұғалімдеріміз оқушылардың бейбірекет күлкісіне жүйкелерін жұқартып, кей сәттерде дауыс көтеріп жатады. Осындай жағдайдан кейін ата-ана мен ұстаз арасында бала үшін келіспеушіліктер туындап жатады.Бұл біздің қоғамға тигізер залалымыз да шығар. Сол себептен де, орны жоқ нәрсеге күле шықпай, мәнді сөздің мағынасына жымиған да дұрыс шығар. Болатын нәрсеге де, болмайтын нәрсеге де тонымызды ала жүгіретін шақта бұл қасиет көбімізге серік болып алғандай.

Қоғамдағы қисынсыз күлкінің шеберлеріне сіздің көзқарасыңыз қандай?